Көркемсурет бөлімі
Көркемсурет бөлімінің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, көркемдік ойлау мен бейнелеу дағдыларын жетілдіру. Бейнелеу өнерінің түрлері арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құңдылықтарға баулу, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ойын көркем тілмен жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың көркемдік –шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және әртүрлі көркем техника мен материалдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту. Сонымен қатар, оқушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құртметтеуге, өнер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көркемсурет бөлімінің міндеттері:
1.Оқушыларды бейнелеу өнерінің негізгі түрлерімен (сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, қолданбалы өнер) таныстыру және меңгерту.
2.Шығармашылық ойлау, елестету, қиялдау қабілеттерін дамыту.
3.Эстетикалық талғамын қалыптастырып, өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
4.Ұлттық мәдениет пен көркемдік мұраларды құрметтеуге баулу.
-
Көркемдік техникаларды меңгерту арқылы оқушылардың қол еңбегін жетілдіру.
6.Түрлі көрмелер мен байқауларға қатыстыру арқылы шығармашылық белсенділігін арттыру.
7.Кәсіби бағыт беру, өнер саласында білімін жалғастыруға негіз қалыптастыру.
Көркемсурет бөлімінде даярлық сыныптар (0а; 0ә; 0б, 0в, 0г) және 1, 2, 3, 4 сынып оқушыларынан құрылылған топтарға сабақ жүргізіледі. Жалпы оқу мерзімі – 4 жыл.
Оқу жүктемесі
Даярлық сынып:
- Сурет салу, мүсіндеу, сәндік қолданбалы өнер – аптасына 3 сағат (7–8–9 жас)
- Сурет – аптасына 2 сағат (10–11 жас)
- Композиция – аптасына 3 сағат (10–11 жас)
- Мүсін – аптасына 2 сағат (10–11 жас)
- Компьютерлік графика және дизайн – аптасына 1 сағат (7–8, 9–10, 10–11 жас)
- Пленэр – 10 сағат (жазғы мезгілде бір апта, 7–8, 9–10, 10–11 жас)
Негізгі сынып:
- Сурет: 1–2 сынып – аптасына 3 сағат, 3–4 сынып – 4 сағат
- Кескіндеме: 1–4 сынып – аптасына 3 сағат
- Станоктық композиция: 1 сынып – 3 сағат, 2–4 сынып – 2 сағат
- Қолданбалы композиция: 2–4 сынып – 1 сағат
- Мүсін: 1–2, 4 сынып – 2 сағат, 3 сынып – 1 сағат
- Бейнелеу өнері тарихы: 1–4 сынып – аптасына 1 сағат
- Компьютерлік графика және дизайн: 1–4 сынып – аптасына 1 сағат
- Таңдау пәні: 3–4 сынып – аптасына 1 сағат
- Пленэр: 1–2–3 сынып – 22 сағат (жазғы мезгілде, бір апта)
- Қорытынды емтиханға дайындық.
Апталық оқу сағаттары сабақ санына қарай есептеледі. Сабақ түрі – топтық. Сабақ ұзақтығы мектеп жарғысына сәйкес – 40 минут.
Бұл үйірмелерге 2-11 сыныптарының (1,2 ауысым) балалары қатысады. Жыл басында көркемсурет бөліміне – 172 оқушы (барлығы 9 сынып, 5 даярлық топ 0а, 0ә, 0б, 0г, 0в; қалған сыныптар 1а; 2а; 3а; 4а) тіркелді.
Осы оқу жылында 13 түлек көркемсурет бөлімінің аяқтап дипломдық жұмыстарын қорғап куәліктерін алды. Білім сапасы 100%.
Қосымша қыз балаларға арналған «Шебер қолдар» үйірмесі де жұмыс істейді. Топта 20 оқушы. Жетекшісі: Атауова Амина Беркиновна.
Көркемсурет бөлімінде 9 педагог сабақ береді.
№ |
Мұғалімнің аты – жөні |
санаты |
жұмыс өтілі |
Лауазымы |
1 |
Атауова А.Б |
Педагог - зерттеуші,педагогика ғылымдарының магистрі |
13 |
ӘБ жетекшісі, көркемсурет бөлімі мұғалімі |
2 |
Качурина С.Н |
педагог - зерттеуші |
21 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
3 |
Хихлухина Е.В |
педагог - зерттеуші |
20 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
4 |
Джуматов Б.С |
педагог - сарапшы |
35 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
5 |
Ижанова А.К |
педагог - модератор |
18 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
6 |
Габдуллин М.Г |
педагог - модератор |
11 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
7 |
Кажгалиева Н.С |
педагог - модератор |
7 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
8 |
Бекишева Ш.Б |
педагог - модератор |
9 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
9 |
Саттарова Г.А |
педагог - модератор |
5 |
көркемсурет бөлімі мұғалімі |
Жыл бойы «Көркемсурет» бөлімі педагогтары гимназияның даму жоспары бойынша түрлі іс шаралар өткізді.
Мектепте бір шара және мейрамдарда мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында дәліздер мен сыныптар түрлі тақырыпта безендірілді. Сонымен қатар, «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың, ұстаздардың және ата-аналардың қатысуымен ұлттық нақыштағы бұйымдар, кесте, тоқыма, ағаш және қағаздан жасалған қолөнер туындылары қойылды. Көрме арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ ұмыт қалған қолөнер дәстүрлерін жаңғырту көзделді.







Оқушылары мен олардың аналарының қатысуымен "Отбасылық шеберхана" атты шеберлік сағаты оздырылды. «Асқабақ жасау» қолөнер шеберлік сабағы ұйымдастырлды. Бұл шара балалар мен ата-аналардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. «Дәстүрден тыс сурет салу техникасы» тақырыбында сурет пәні мұғалімі Бекишева Шакизат Болатовна шеберлік сабақ көрсетті. Көркемсурет бөлімінің мұғалімдері Атауова Амина Беркиновна мен Кажгалиева Надия Сагитовна «Раушан» түйреуішін жасаудан шеберлік сабағын берді






Жыл бойы мектепішілік түрлі сурет байқаулары ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары артты. Байқау жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды. Бұл шаралар оқушыларды шабыттандырып, болашақта өнер жолын таңдауға мотивация берді.



Түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Атап айтсақ, «Күзгі асар» жәрмеңкесінде балалардың жемістер мен көкөністерден жасаған бұйымдары ерекше шығармашылықты талап етеді. Бірнеше ерекше қызықты туындылар болды.





Әр тоқсан сайын каникул кезінде Көркемсурет бөлімінің ұстаздары қатысушылармен қаламыздағы түрлі тарихи мұража йлар мен көрме залдарға экскурссияға апарды.




Шебер оқушыларымыз «Ашық есік» күнінде келген қонақтарға өздері қолөнер түрлерінен түрлі шеберлік сабақтар көрсетті.

Гимназияның 30 жылдық мерейтойы – үлкен тарихи сәт өтті. Оқушылардың шығармашылық көрмесінде әр түрлі бағытта жұмыстар қойылды



Жаңа жыл, Наурыз мейрамдарында Көркемсурет бөлімінің мұғалімдері мен қатысушылары мектепті безендірді. 5 сынып оқушылары шыршаға арналған ойыншықтар жасаса, жоғары сынып оқушылары фотозонаны безендірді.

Түрлі республикалық қолөнершілер фестиваліне оқушылар мен ұстаздарымыз қатысты. «Текемет ART» фестиваліне 2в сынып оқушысы Хисаметдинова Жанельмен қатысты.

Осы оқу жылында 30 шақты шеберлік сабақ және 20 ашық сабақ оздырылды. Бірнеше сурет конкурстар мен көрмелер ұйымдастырды.

Наурыз мейрамында оқушылар мен гимназия мұғалімдері арасында түрлі ұлттық қолөнер сайыстары ұйымдастырылды.

Көркемсурет бөлімінің 3 және 4-сынып оқушыларымен бірге Қалалық мәдениет және демалыс саябағына пленэрге шықты. Балалар табиғаттан және көктемгі көңіл-күйден шабыттанып, бірнеше этюдті акварельмен орындады. Пейзаждың әрбір көрінісін өзінше қабылдап, қағаз бетіне шынайы әсермен түсіре білді. Оқушылар үшін бұл күн есте қаларлық шығармашылық тәжірибе болды

Суретші, шебер оқушыларымыз жыл бойы түрлі байқауларға қатысып үлкен жетістіктерге ие болды. Халықаралық -20, Республикалық – 50, Қалалық-35 жүлдегерлер бар.

Cooking Club клубының жетекшілері Хихлухина Е.В. және Атауова А.Б.ата-аналар шақырып түрлі шеберлік сабақтар өткізді. «Еңбегі адал - жас ерен» жобасы негізінде 7 сыныптар арасында «Жас аспазшы - 2025» байқауын ұйымдастырды. Бұл тек аспаздық шеберлікті арттырып қана қоймай, оқушыларды ұқыптылық, дәм үйлесімділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыкпал етті.


Көркемсурет бөлімінің түлектері дипломдық жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Қорғау барысында әрбір түлек өз шығармашылық жұмысын таныстырып, тақырып таңдаудағы мақсатын, идеялық мазмұнын, көркемдік шешімін, қолданылған материалдар мен техникаларды жан-жақты талдап, қорғап шықты.

Батыс аймақтық (БҚО, Ақтау, Атырау, Ақтөбе) «Құрақ көрпе» атты дәстүрлі өнер фестивалінде біздің педагогтарымыз Атауова А.Б., Бекишева Ш.Б. және Ижанова А.К. белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, шеберліктерін танытты.






Көркемсурет бөлімінің түлектеріне салтанатты түрде куәліктер табысталды. Көрмеге түлектердің үздік жұмыстары қойылып, көрермендер тарапынан жоғары баға алды. Көркемсурет бөлімі түлегі атанған жас суретшілер алдағы уақытта да өнер жолында талмай еңбектеніп, ел абыройын асқақтататынына сенім мол.


«Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы курс аясында Орал қаласындағы Эстетикалық бағыттағы гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімдері А.Атауова мен Е.Хихлухина өз тәжірибесімен облыс көлемінде бөлісті. Педагогтер авторлық жұмыстарын, қолданбалы өнер бағытындағы жобаларын ұсынды. Шығармашылық идеялар мен әдістемелік тәсілдер тындаушыларға шабыт сылап, кесіби дамуына серпін берді. Осындай тәжірибе алмасу - мұғалімдердің шеберлігін арттырып, көркемдік білім беру сапасын көтерудінң тиімді жолы.




Жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьдің балалары үшін ерекше танымдық шеберлік сағаты өтті. Амина Беркінқызы қатысушылар нағыз қазақтың дәстүрлі тағамы — құртты дайындауды көрсетті.

«JAZCAMP» жазғы демалыс лагерінде ерекше шығармашылық жоба жүзеге асты. Сурет пәнінің мұғалімі Атауова А.Б. лагерь қатысушыларына арнап 5 метрлік матаға бірігіп сурет салу шеберлік сабағын өткізді.
ЭБГ Көркемсурет бөлімінің алғашқы түлектері 2024–2025 оқу жылында білім грантының иегерлері атанды!

Көркемсурет бөлімінің алғашқы түлектері 2024–2025 оқу жылында үлкен жетістікке қол жеткізді — олар шығармашылық емтихандарда жоғары нәтиже көрсетіп, білім гранттарын жеңіп алды.
№ |
Оқушының аты – жөні |
Түскен оқу орны мен мамандығы |
1 |
Ержан Ақерке |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы(ҚазБСҚА/ КазГАСА) архитектор мамандығы |
2 |
Есенгазиева Гүлім |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы(ҚазБСҚА/ КазГАСА) дизайн мамандығы |
3 |
Шарипова Мубина |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы(ҚазБСҚА/ КазГАСА) архитектор мамандығы |
4 |
Чакаева Әсем |
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы(ҚазБСҚА/ КазГАСА) архитектор мамандығы |






