Қосымша білім беру үрдісіндегі спорттық үйірмелердің дамуы

      Қосымша білім беру үрдісі жылдық жоспарға сәйкес қарқынды дамып келеді. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда, 2024-2025 жылы спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылар саны айтарлықтай артты. Бұл спортқа деген қызығушылықтың артуы мен оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.
Спорттық үйірмелерге оқушылардың көптеп қатысуы келесі факторлардың ықпалымен жүзеге асып отыр:
 Үйірмелердің сан алуандығы: Қазіргі таңда гимназияда волейбол, үстел теннисі, асық ату, тоғызқұмалақ, шаңғы тебу, футбол, қол күресі және жеңіл атлетика сияқты әртүрлі спорттық бағыттар бойынша секциялар жұмыс істейді.
 Жетекшілердің кәсібилігі: Үйірмелерді тәжірибелі жаттықтырушылар мен дене шынықтыру мамандары жүргізеді, бұл балалардың қызығушылығын арттырып, оларды кәсіби тұрғыда шыңдауға мүмкіндік береді.
 Оқушылардың белсенділігі: Оқушылар спорттық шараларға ғана емес, қалалық және облыстық жарыстарға да белсене қатысып, жоғары жетістіктерге жетуде.
 Спорттық инфрақұрылымның жақсаруы: Гимназияда спорттық құрал-жабдықтар жаңартылып, жаңа мүмкіндіктер ұсынылуда.
2024 жылы спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылардың саны еселеп артып, олардың дене дайындығы мен салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасы жоғары деңгейге жетті. Бұл алдағы уақытта да спорттық бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілетінін көрсетеді.
 Спорттық үйірмелерге қатысатын оқушылар санының өсуі (2023-2024 ж.)
2023-2024 оқу жылында гимназияда 8 спорттық үйірме жұмыс істеп, әрқайсысына орта есеппен 15 оқушыдан қатысқан. Қазіргі таңда үйірмелер саны 7-ге қысқарғанымен, әр үйірмеге қатысушылар саны 20-25 оқушыға дейін артты.
 Статистикалық өсу көрсеткіші:
2023-2024 оқу жылдағы жалпы қатысушылар саны:  120 оқушы
Қазіргі жалпы қатысушылар саны:  140-175 оқушы
Өсу динамикасы: +20-55 оқушы
Пайыздық өсім: 16.7% - 45.8%
Жалпы қатысушылар саны:
120 → 140 оқушы болған жағдайда өсім: +16.7%
120 → 175 оқушы болған жағдайда өсім: +45.8%
Бұл көрсеткіш гимназия оқушыларының спортқа деген қызығушылығының артып қана қоймай, үйірмелердің сапалы әрі тиімді жұмыс істеп жатқанын айқындайды. Оқушылардың спорттық үйірмелерге белсенді қатысуы – олардың денсаулығы мен физикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл мектептегі дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Үйірмелер бойынша жылдық жоспарға сәйкес  оқушылар және мұғалімдер арасында шебер сабақтар өткізіліп отырды. Джетибаев Р.Х «Қол күресі», Қанат А.А «Волейбол», Мухамбетов Е.Г «Асық ату», Панфилов П.Н «шаңғы тебу», Садыков А.Қ «Үстел теннисі».

 

2024–2025ж жылдық жоспарға сәйкес дене шынықтыру бағыты бойынша үйірмелер кестеге сай жүйелі түрде өткізіліп келеді.

р/с
Үйірме атауы
 
Күні, уақыты
 
Жетекші
Аты-жөні
 
1
Жеңіл атлетика
Сейсенбі 12.00-13.30
Бейсенбі 12.00-13.30
Джаманбаев А.М
2
Қол күресі
Сәрсенбі  13.00-14.30
Сенбі 10.00-11.30
Джетибаев Р.Х
3
Волейбол
Сейсенбі 19.00-20.30
Сәрсенбі 19.00-20.30
Бейсенбі 19.00-20.30
Қанат А.А
4
Асық ату
Сейсенбі 12.00-13.30
Бейсенбі 12.00-13.30
Мухамбетов Е.Г
5
 
Шаңғы тебу
Бейсенбі  12.00-13.30
Cенбі 10.00-11.30
Панфилов П.Н
Шуругина О.В
6
 
Үстел теннисі
Сейсенбі 12.00-13.30
Сәрсенбі 12.00-13.30
Бейсенбі 12.00-13.30
Садыков А.К
Теміртасов Ә.Б
7
Футбол
Сәрсенбі 12.00-13.30
Бейсенбі 12.00-13.30
Шагуанов Р.А
 
8
Тоғызқұмалақ
Сейсенбі 12.30-14.30
Бейсенбі 12.30-14.30
Байзенова Ж.З
 

Спорттық жетістіктер динамикасы

2024–2025 оқу жылында гимназияда әртүрлі спорттық үйірмелер (шаңғы тебу, футбол, волейбол, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, асық ату және т.б.) тұрақты түрде жұмыс жасады. Бұл үйірмелерге оқушылармен қатар мұғалімдер де белсенді түрде қатысты. Үйірмелер жұмысының нәтижесінде білім алушылар мен педагогтер арасында түрлі деңгейдегі жарыстарда елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.
Төменде спорт түрлері бойынша нақты жетістіктер ұсынылады: Спортшылардың жетістіктерінің артуы

 Жеңіл атлетика:

5-ші қазан күні оздырылған қалалық жеңіл атлетика кроссына 9 оқушы қатыстырылып, Федюнин Артем-3орын. Бескоровайный Данил- 1 орын

Агилеуов Алимұрат – 2 орын. Куанышев Амир-3 орын. Жүлделі орындарға ие болды. Жаттықтырушысы Панфилов П.Н.

2025 жылдың 6-қазанында Орал қаласында жасөспірімдер арасында қол күресінен «Орал» спорт клубының қалалық турнирі өтті. Жарысқа қатысқан оқушыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді: 7«Б» сынып оқушылары: Урумбаев Сержан – 1-орын,Товажанов Әділет – 2-орын, Кажгалиев Амирлан – 3-орын. 9 «Г» сынып оқушысы:Чигирев Ансар – 2-орын. 8 «В» сынып оқушысы:Ковалев Владимир – 3-орын.

Ал 12-қазан күні қол күресінен облыстық турнир ұйымдастырылып, тағы да жоғары нәтиже көрсетті: 6«В» сынып оқушысы: Рахметулла Еркебулан – 1-орын. 9 «Ә» сынып оқушысы: Марат Інжу – 2-орын. 9 «А» сынып оқушысы: Калмурзина Айсулу – 1- орын. Оқушыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Джетибаев Р.Х.

2024 дың 30 қазанында аралас жекпе-жектен облыстық жарыс өтті. Бұл дүбірлі додаға біздің мектептен үш спортшы қатысып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. 7 сынып оқушылары: Абубакиров Абылай, Рахметтула Еркебулан 10 сынып оқушысы: Абубакиров АбылайОблыс чемпионы атанды!  Жаттықтырушысы: Теміртасов Ә.Б.

          14 желтоқсан күні «Белсенді орта» жобасы аясында Оқушылар сарайы» МКҚК-ның ашық біріншілігінде шахматтан жарыс өтті. Бұл додада мектебіміздің оқушылары үздік нәтижелер көрсетті: Нажимеден Дариға3 орын, Хайруллин АнсарАлғыс хатпен марапатталды.  Жаттықтырушысы: Баймұхамбетов Б.Т.

           16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған қол күресінен қалалық чемпионатта гимназия оқушылары тамаша нәтиже көрсетті:  Капалов Юнус – 1 орын, Капалов Юсуф – 2 орын, Рахметулла Еркебулан – 2 орын, Кулмурзина Алуа – 3 орын, Марат Інжу – 2 орын, Аубакиров Абылай – 3 орын. Жаттықтырушысы: Джетибев Р.Х

2025 жылдың 8 қаңтарында қалалық деңгейде шаңғы тебу сайысы ұйымдастырылды. Аталған жарысқа гимназия оқушылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар: Қуанышева АмирII орын, Агелеуова АлимуратIII орын, Павлович НадеждаIII орын. Аталған оқушылардың жетістіктері – олардың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығы мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі. Жарысқа қатысушылар өзіндік тәртіп пен шыдамдылықты көрсетті. Бұл – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды үлес болып табылады.
Гимназия оқушылары қалалық шаңғы жарысында жақсы нәтиже көрсетіп, мектеп намысын абыроймен қорғады. Алдағы уақытта да спорттық шараларға белсенді қатысу жоспарлануда.

2025 жылдың 16–17 қаңтар күндері Орал қаласында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында қалалық спартакиада өткізілді. Аталған жарысқа гимназия мұғалімдері белсенді түрде қатысып, бірқатар спорт түрлері бойынша нәтижелер көрсетті:

Жарыс қорытындылары:

🏀 Баскетбол6-орын

🏐 Волейбол5-орын

⚽ Футбол7-орын

 Асық ату9-орын

Бес асық9-орын

  Тоғызқұмалақ3-орын

🎿 Шаңғы жарысы12-орын

🤝 Арқан тарту5-орын

Бұл жарыстарға мұғалімдердің белсенді қатысуы – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту, сонымен қатар дене тәрбиесі мен спортқа қызығушылықты арттырудағы маңызды қадам болды. Гимназия ұжымы спартакиадаға ұйымшылдықпен қатысып, бірнеше спорт түрлері бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта да мұғалімдеріміздің спорттық белсенділігін арттырып, бұқаралық спортты дамытуға атсалысу жоспарлануда.

2025 жылдың 19 қаңтарында облыстық деңгейде шаңғы тебу бойынша турнир өтті. Аталған сайысқа гимназиямыздың 5 «Ж» сынып оқушысы Тажғалиева Амина қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Тажғалиева АминаIII орын. Бұл жетістік – оқушының белсенді мен үздіксіз дайындықтарының жемісі. Сонымен қатар, жарысқа тыңғылықты даярлап, жетістікке жетуіне зор үлес қосқан жаттықтырушысы Панфилов П.Н.-ның еңбегі ерекше атап өтіледі. Тажғалиева Амина облыстық турнирде жүлделі орынға ие бола отырып, гимназиямыздың абыройын асқақтатты. Бұл – жас спортшының алғашқы үлкен жетістіктерінің бірі деп сенеміз.

25–26 қаңтар аралығында оқушылар арасында аралас жекпе-жектен облыстық турнир ұйымдастырылды. Бұл жарыста гимназия оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек Дүйсенғалиева Марлен10 «А» сыныпII орын, Рахметтұла Еркебұлан7 «В» сыныпII орын. Оқушылардың бұл жетістіктері – олардың спортқа деген қызығушылығы мен жүйелі дайындығының нәтижесі.Сонымен қатар, жеңіске жетуге бағыттап, үлкен еңбек сіңірген жаттықтырушы Теміртасов Ә.Б.-тің үлесі зор.
Гимназия оқушылары облыстық турнирде лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл — спортты дамыту, жасөспірімдердің рухын көтеру мен дене дайындығын арттыру бағытындағы тиімді жұмыстың көрсеткіші.

19–20 ақпан күндері аралығында аралас жекпе-жек (ММА) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта гимназиямыздың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Азия жүлдегері, үш дүркін Қазақстан чемпионы, үш мәрте әлем чемпионы Теміртасов Ә.Б. жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Теміртасов Ә.Б.«Қазақстан Республикасының үздік жекпе-жек чемпионы» атағына ие болды. Бұл – ұстазымыздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің, спорттағы қажырлы жолының жарқын дәлелі. Оның жеңісі — тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар оқушылар мен жас спортшылар үшін үлкен үлгі-өнеге.

2025 жылдың 22 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық деңгейде спорттық турнир өтті.

Аталған жарысқа гимназия ұжымы белсенді түрде қатысып, бірқатар спорт түрлері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді: Тоғызқұмалақ бойынша – Утепбергенова Д.М.II орын. Асық ату бойынша – Мұхамбетов Е.Г.III орын. Үстел теннисі бойынша – Садыков А.Қ.I орын
Сонымен қатар, Садыков А.Қ. «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды. Гимназия ұжымының бұл жетістіктері – мұғалімдердің спортқа деген ынтасы мен кәсіби шеберлігінің дәлелі. Мұндай сайыстар ұжымның бірлігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

2025 жылы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Батыс Қазақстан облысы ұйымы ҚБ Орал қалалық комитеті – филиалының кәсіподақ мүшелері арасында VII қалалық «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді. Аталған жарысқа 52 мектептің ЭБГ  мұғалімдері қатысып, волейбол, үстел теннисі және дартс сияқты спорт түрлерінен бақ сынады. Нәтижесінде  Үстел теннисі: Джуматов Б.С.III орын, Волейбол гимназия құрама командасы:III орын. Дартс:III орын. Командалық есеп бойынша 52 мектеп ЭБГ құрама командасы – III орын иеленді. ЭБГ мұғалімдерінің бұл жетістіктері салауатты өмір салтын ұстанудың, ұжымдық бірліктің және спортқа деген қызығушылықтың жарқын көрінісі болды. Спартакиада барысында мұғалімдер өздерінің спорттық шеберлігін көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.

13 наурыз күні облыстық деңгейде шаңғы тебу бойынша турнир өткізілді. Бұл жарысқа гимназиямыздың бірнеше оқушысы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс нәтижелері:

  • Тажғалиева Амина5 «Ж» сыныпII орын

  • Агилеуова Алимурат7 «А» сыныпII орын

  • Ланцева Дарья7 «А» сыныпIII орын

  • Куанышев Амир7 «А» сыныпIII орын

  • Сисалиев Тамерлан7 «А» сыныпIII орын

  • Павлович Александр7 «А» сыныпIII орын

  • Павлович Надежда9 «Б» сыныпII орын

  • Жаттықтырушысы – Панфилов П.Н.

17–19 мамыр күндері аралығында өткен облыстық спорттық жарыста Орал қаласының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, II орын иеленді. Аталған команда құрамында гимназиямыздың дене шынықтыру мұғалімі Аманат Азаматұлы ерекше көзге түсіп, спорт саласындағы шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, «Облыстың ең үздік спортшысы» атағына ие болды.

19–20 мамыр күндері қалалық деңгейде мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Былғары доп» футбол жарысы өтті. Аталған турнирге гимназиямыздың 7–8 сынып оқушыларынан құралған команда қатысып, жүлделі III орынға ие болды.Нәтиже:
7–8 сыныптар командасыIII орын. Жаттықтырушысы: Шагуанов Р.А.
Команданың бұл жетістігі – оқушылардың ұйымшылдығы мен жаттықтырушының жүйелі еңбегінің нәтижесі.

2025 жылғы 29 сәуір күні нысана көздеу спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды спортшылар бас қосты. Гимназиямыздың 10 «Б» сынып оқушысы Крайдена Алиса қатысып, өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. Жарыс барысында Алиса үздік нәтижемен көзге түсіп, 1-орынға ие болды.

2025 жылдың 2–4 мамыр аралығында Орал қаласында тоғызқұмалақ спорт түрінен қалалық жекелей чемпионат ұйымдастырылды. Аталған жарысқа қаланың әр мектептері мен спорт клубтарынан 98 спортшы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасындағы бәсеке тартысты болды. Бұл чемпионатқа біздің мектептен бірқатар оқушылар қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді:

  • 9 жас ұлдар арасында – Сабит ТөреханІ орын

  • 9 жас қыздар арасында – Марат ЗереІІІ орын

  • 11 жас ұлдар арасында – Тулейғали ҚайсарІ орын

  • 11 жас ұлдар арасында – Шатанов ДәулетІІІ орын

  • 11 жас қыздар арасында – Бекжан НұрсаяІІ орын

Жаттықтырушысы: Байзенова Ж.З

2025 жылғы 8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай гимназия ұжымы арасында теннистен дәстүрлі турнир өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – соғыс ардагерлерінің ерлігін еске алып, ұрпақ санасына патриоттық рух сіңірумен қатар, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық ауызбіршілікті нығайту болды. Турнирге гимназиядағы барлық әдістемелік бірлестіктерден мұғалімдер қатысты. Әр бірлестіктен бірнеше мұғалім қатыстырылып, жарыс жоғары деңгейде, достық пен тартысты бәсекеге толы жағдайда өтті. Мұғалімдер өз шеберліктерін көрсетіп, ойын барысында белсенділік пен ынтымақтастық танытты.

2025 жылғы 15–18 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Саратов облысы, Дергачи қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық бокс турнирі өтті. Аталған жарысқа бірнеше елден жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. 6 «В» сынып оқушысы Талғар Нурислам қатысып, ерекше шеберлік пен төзімділік танытып, 1-орынды жеңіп алды. Бұл – халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жеңістерінің бірі. Талғар Нурисламның бұл жетістігі – оның күнделікті жаттығуларының, тәртіп пен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушысы Мухамбетов Е.Г.

  1. Үйірмелерге қатысушылар санының өсуі

 2023 жылы спорттық үйірмелерге 15-20 оқушы қатысса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 20-25 оқушыға дейін өсті.
 Қол күресі секциясында қатысушылар саны 40%-ға артты.
 Тоғызқұмалақ және шахмат үйірмелерінде жаңа қатысушылар саны көбейді.

 

  1. Жалпы нәтиже

  • Қатысушылар саны артты, бұл спортқа деген қызығушылықтың өскенін көрсетеді.

  • Жүлделі орындар саны көбейді, өткен жылмен салыстырғанда спортшыларымыздың нәтижесі жақсарды.

  • Үйірмелер жұмысының тиімділігі артты, оқушылар мен мұғалімдер кәсіби жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде.

 Спорт – салауатты өмірдің кепілі!

Жылдық жоспар 2024-2025 оқу жылы

 

Айлар
Іс-шараның атауы
Іс-шараның түрі
Жауаптылар
Орындау мерзімдері
1
Қыркүйек
Тоғызқұмалақ жарысы
Спорттық турнир
Байзенова Ж.З
1-апта
 
 
Асық ату жарысы
Ұлттық спорт түрлері
Мухамбетов Е.Г
2-апта
 
 
Волейбол турнирі
Спорттық турнир
Қанат А.А
3-апта
 
 
Теннис бойынша мастер-класс
Спорттық шеберлік сыныбы
Ажгалиев А.А
Садыков А.К
Теміртасов Ә.Б
3-апта
 
 
Шаңғы тебу дайындығы
Спорттық жаттығу
Панфилов П.Н
Шуругина О.В
4-апта
 
 
Қол күрес жарысы
Спорттық жарыс
Джетибаев Р.Х
4-апта
 
 
Спорт түрлерінен викторина
Танымдық іс-шара
Тәрбие ісінің ұйымдастырушылары
Айдың соңғы аптасы
2
Қазан
Күзгі спорт фестивалі
Фестиваль
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
1-апта
 
 
Йога бойынша мастер-класс
Денсаулықты нығайту
Шақырылған жаттықтырушы
2-апта
 
 
Оқушылар арасында теннис турнирі
Спорттық жарыс
Садыков А.К
Теміртасов Ә.Б
3-апта
 
 
Кросс жүгіріу
Спорттық жарыс
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
4-апта
 
 
Оқушылардың спорт түрлерін таныстыру күні
Танымдық іс-шара
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Айдың соңғы аптасы
3
Қараша
Ұлттық ойындар апталығы
Спорттық іс-шара
Мухамбетов Е.Г
1-апта
 
 
Денсаулық күні
Спорттық іс-шара
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
2-апта
 
 
Армрестлинг турнирі
Спорттық жарыс
Джетибаев Р.Х
3-апта
4
Желтоқсан
Асық ату мастер-класс
Спорттық шеберлік сыныбы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
1-апта
 
 
Қысқы спорт ойындары
Турнир
Панфилов П.Н
Шуругина О.В
2-апта
 
 
Спорттық квест
Танымдық жарыс
Тәрбие ісінің ұйымдастырушылары
3-апта
5
Қаңтар
Қысқы спорт түрлерінен жарыстар
Спорттық жарыс
Панфилов П.Н
Шуругина О.В
1-апта
 
 
Жаңа жылдық спорттық мереке
Мерекелік шара
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
2-апта
6
Ақпан
Волейбол бойынша жарыс
Спорттық турнир
Қанат А.А
1-апта
 
 
Қол күрес жарысы
Спорттық жарыс
Джетибаев Р.Х
2-апта
 
 
Салауатты өмір салтын насихаттау күні
Танымдық іс-шара
Тәрбие ісінің ұйымдастырушылары
3-апта
7
Наурыз
Наурыз мерекесіне арналған ұлттық ойындар
Ұлттық мереке
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Наурыз айы бойы
 
 
Шаңғы жарысы
Спорттық жарыс
Панфилов П.Н
Шуругина О.В
3-апта
8
Сәуір
Спорт түрлері бойынша мектепішілік жарыстар
Мектепішілік турнир
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сәуір айы бойы
 
 
Жеңіл атлетика жарысы
Спорттық жарыс
Джаманбаев А.М
2-апта
9
Мамыр
Футболдан сыныптар арасында ғы жарыс
Спорттық жарыс
Шагуанов Р.А
Мамыр айы бойы
 
 
Спорт маусымының жабылу салтанаты
Мерекелік іс-шара
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Мамыр айының соңғы аптасы

2024–2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие іс-шаралар жоспары бойынша

 

2024–2025 оқу жылында гимназияда бекітілген оқу-тәрбие жоспарына сәйкес дене шынықтыру бағытында әр айда жүйелі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар оқушылардың дене дайындығын жетілдіру, ұлттық ойындарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық мәдениетті дамыту мақсатында өтті.

Іс-шаралар түрлі форматта өтті: спорттық турнирлер, шеберлік сабақтары, ұлттық ойындар, фестивальдар, танымдық шаралар, ашық сабақтар және мерекелік жарыстар.

 Іс-шаралардың орындалуы (айлық талдау)

Қыркүйек: Тоғызқұмалақ жарысы – 5–11 сынып оқушылары белсенді қатысты, жалпы 48 оқушы қамтылды. 1–3 орын иегерлері марапатталды.

 Асық ату жарысы: 5–7 сынып оқушылары арасында өтті. 36 оқушы қатысты.

 Волейбол турнирі: 8–10 сынып оқушылары арасында. 6 команда бақ сынасты.

Теннис бойынша мастер-класс –тәжірибелі жаттықтырушы мен пән мұғалімдері өткізді.

 Шаңғы тебуге дайындық – теориялық-нұсқаулық сабақтар өткізілді.

 Қол күрес жарысы: 7–9 сыныптар арасында, 4 жеңімпаз анықталды.

Викторина – «Спорт тарихы» тақырыбында. 11 сынып оқушылары белсенділік танытты.

Қазан:  Күзгі спорт фестивалі – мектепішілік командалық жарыс (эстафета, арқан тарту, секіру т.б.)

 Йога мастер-классы – релаксация, тыныс алу, дене жаттығулары бойынша таныстырылым өтті.

 Оқушылар арасында теннис турнирі – 28 оқушы қатысты.

 Кросс жарысы : 5–11 сынып оқушылары арасында (500–1000 м аралығы).

 Спорт түрлерін таныстыру күні – спорт үйірмелерінің таныстырылымы өтті.

Қараша

 Ұлттық ойындар апталығы – асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ. Қазақтың салт-дәстүріне бағытталған спорттық іс-шаралар өтті.

 Денсаулық күні – түрлі жаттығулар, флешмоб, сергіту сәттері ұйымдастырылды.

 Армрестлинг турнирі: 6–9 сыныптардан 40-тан астам оқушы қатысты.

Желтоқсан: Асық ату мастер-классы – мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларына арналды.

 Қысқы спорт ойындары – қарда эстафеталық жарыстар, шаңғы тебу жаттығулары.

 Спорттық квест – спорттық логикалық тапсырмалар мен белсенді ойындар.

Қаңтар:  Қысқы жарыстар – шаңғы жарысы, коньки тебу, қар лақтыру, шанамен жарысу.

 Жаңа жылдық спорттық мереке – спорттық сахналық көрініс пен ойын түрлері өтті.

 

 Волейбол жарысы – қыздар мен ұлдар командалары арасында. 6 команда қатысты.

 Қол күрес жарысы – 7–10 сыныптардан 24 оқушы бақ сынады.

 Салауатты өмір салтын насихаттау күні – оқушылармен тренингтер, постерлер байқауы.

Наурыз: Ұлттық ойындар – көкпар, тоғызқұмалақ, арқан тарту, ләңгі тебу (Наурыз мейрамы аясында).

 Шаңғы жарысы – жоғары сыныптар арасында қарда өткізілді.

Сәуір: Мектепішілік жарыстар – футбол, волейбол, жүгіру, секіру бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

 Жеңіл атлетика жарысы – 5–11 сыныптар арасында. Жеңімпаздар марапатталды.

Мамыр: Футбол жарысы – сыныптар арасындағы турнир. 8 команда қатысты.

 Спорт маусымының жабылу салтанаты – белсенді оқушылар мен мұғалімдер марапатталып, концерттік қойылым ұйымдастырылды.

 Нәтижелер мен тиімділік

 Іс-шаралар саны: 30-дан астам
 Қамтылған оқушылар: 600-ден астам рет (кейбір оқушылар бірнеше шараға қатысқан)
 Жүлделі орын иегерлері: 80-нен астам оқушы
 Мұғалімдер белсенділігі: әр мұғалім кемінде 2–3 шараға жетекшілік етті
 Тақырыптық бағыттар: ұлттық спорт, салауатты өмір салты, жарыстық рухты дамыту

2024–2025 оқу жылында  жоспарға сәйкес іс-шаралар толық орындалды. Әр іс-шара оқушылардың қызығушылығын оятып, спорттық белсенділігін арттыруға әсер етті. Сонымен қатар, ата-аналар, оқушылар арасында достық, ұйымшылдық, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сияқты қасиеттер қалыптасты.

Іс-шаралар нәтижесінде:

Оқушылардың спорттық мәдениеті дамыды;

Үйірме жұмысы мен сабақтағы белсенділік артты;

Мектепішілік жарыстарда оқушылар жоғары нәтиже көрсетті.