Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

 Гимназиямызда оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамалары мен санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.

 Бастауыш сынып оқушылары (1–4 сыныптар) және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

 Гимназия асханасында Face ID арқылы тіркеу жүйесі енгізілген, ал ас мәзірі медициналық қызметкермен және гимназия директоры арқылы бекітіледі. Тамақ сапасына, санитарлық талаптардың сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

 Мақсатымыз – оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.