«Мектеп парламенті» және өзін-өзі басқару ұйымының
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2024-2025 оқу жылы
Парламент мақсаты:
Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;
8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
9. Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
1.Жалпы ережелері
Оқушылар Парламенті – мектептегі оқу тәрбиелік процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және оқушылардың қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.
2. Оқушылар Парламентінің мақсаты:
Мектептегі оқу үдерісін демократияландыру;
Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту;
Оқушылар үшін маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру;
Оқушылардың пікірін ескере отыра ортақ мәселелерді шешу.
3. Оқушылар Парламентінің негізгі міндеттері:
Мектептегі оқушылар мен жасөспірімдердің мәселесіне назарын аударту және шешу жолын ұсыну;
Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, оқушылардың ұйымдарымен бірлесе отырып оқушылардың қызығушылын жүзеге асыру;
Оқушылардың қоғамдық-әлеуметтік іс-шараларға қатысуға ынталандыру және қолдау;
Мектеп оқушыларының құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
Оқушылардың арасында экологиялық, құқықтық сауаттылықты дамыту;
Оқушылардың сабақтан тыс уақын тиімді пайдалануға ат салысу.
4. Жұмыстың түрі мен мазмұны.
мектеп тәрбие жоспарына оқушылардың қызығушылығымен өзгерістер енгізу;
мектепте кездесетін талас тудыратын сауалдарға мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып дұрыс шешім қабылдауға атсалысу;
байқаулар, викториналық ойындар, көрмелер, спорттық жарыстар, ұжымдық шығармашыл істер ұйымдастыру.
мектеп басқару ұйымы жұмысына қатысу.
5. Парламент мүшелері.
Парламентке 9-11 сынып арасындағы белсенділер мүше бола алады. Сонымен қатар сынып ұжымы ұсынған беделді оқушы жіне өз еркімен
парламент жұмысына қызығушлық танытқан оқушы Парлмент жиналысында қабылданады.
Парламент мүшелері ұжымдық түрде жұмыс атқарады. Ұжымдық топ парламенттің шығармашылық тобы деп аталады.
Олар парламентте ұжымдық шығармашылық істерді жүргізеді.
Парламентте жұмыс жүргізіп мектеп бітіріп кеткен мүшелері құрметті мүше деп аталады.
Оларға мектеп парламентінің жұмысына қосқан үлестері мен даумына атсалысқандары үшін оларға ерекше құрметпен қарайды.
6. Мектеп парламентінің құрылы мен ұйымдастыруы.
Мектеп парламентінің жоғары ұйымы болып ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Жалпы жиналыс жылына екі рет қыркүйек жіне мамыр айында өткізіледі. Қыркүйек айының екінші жартысында Парламент Кеңесін,
Парламент Президентін басқарып жүргізеді. Президент болмаған жағдайда бұл жұмысты Спикер басқарады.
Ол Парламент Кеңесінің ұжымдық интелектуалдық және шығармашылық істерін ұйымдастырады.
Мектеп парламенті негізгі жеті Парламент Кеңесінен тұрады.
1.Ақиқат кеңесі.
Мектеп оқушылар арасында болған, талас тудыратын сауалдарға және кеңес мүшелері арасындағы дауды шешуге көмектеседі.
Парламенттегі талас тудыратын сауалдарға нақты дәл шешім табады.
2.Оқу кеңесі.
Мектепте сабақ үлгерімі төмен оқушыларды басшылыққа алып оларға кеңестер беріп, үлгерімі жақсы, алғыр оқушылардың оларға қосымша сабақ беруін қадағалайды.
Мектептегі тоқсандық қортынды шығаратын жиындарға қатысады;
Мектеп оқушыларының үлгерімі жөніндегі әкішіліктің жиындарына қатыса отырып, өз пікірін білдіруге құқылы;
Оқушылар арасында әлеуметтік мәселелерді қолдауға атсалысады.
3. Ақпарат кеңесі
Мектептегі анықтама қызметінің жұмысын және мектептің оперативті ақпарын даярлайды;
Мектеп парламентінің Интернетте сайтын құруға, қалалық «Радио баршаға» хабарына шығуға, ұйым шығармашылығы жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарық көрсетуіне;
«Мектеп жаңалықтары» мектеп газетіне ұйым жаңалықтарын, қызметтін, іс-шарасын насихаттайды
4. Эрудиттер кеңесі
мектепте пән апталықтарының өтуіне;
интеллектуалы іс-шараларды оқу жылы басында мектеп жұмыс жоспарына енгізуге;
интеллектуалды ойындар, олимпидалар байқаулар, жарыстар өткізуге көмек көрсетеді.
5. Еңбек Кеңесі
оқушылардың тәртібі мен мектептегі жүрісін қадағалау;
мектептегі қабырға сендтерін безендіруге;
мектептегі оқушылар кезекшілігін үнемі қадағалау, кезекші постарын тексеру жұмыстары жүктелінеді.
6. Эстетикалық Кеңес
Мектептегі ұжымдық шығармашылық істердің нәтижелі жүргізілуіне көмек көрсету;
Жаңа оқу жылына ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;
Оқушылардың эстетикалық тәрбие үлгілерін сақтауына ықпал етеді.
7. Денсаулық және салауатты өмір Кеңесі
спорттық іс-шаралардың жүргізілуін;
оқушылардың салауатты өмір ұстанымын жақтау негізінде акциялар, дөңгелек үтелдер, ток-шоулар ұйымдастыруын басқарады.
Мектеп президенті: Ким Дина
Мақсаты: Мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын алға қою. Мектеп білім сапасын 50 пайызға, тәртіпті 70 пайызға көтеру.
1. Құқық және тәртіп фракциясы: Алтаева Айнара
Мақсаты: мектептің өзін –өзі басқару жұмысының нәтижелілігі жөнінде мағлұматтар жинау және оны талдау
2. Ақпарат фракциясы: Габдолла Адема
Мақсаты: МӨБ ( мектептің өзін –өзі басқару) жұмысының нәтижелілігі жөнінде мағлұматтар жинау және оны талдау.
3. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология): Кумар Адина
Мақсаты: Үзіліс уақытында және мектепшілік іс-шараларда оқушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау.
4. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы: Умаров Рустэм
Мақсаты: Оқушылардың денсаулықтарына бақылау жасау, кеңес беру. Оқушыларды спортпен белсенді шұғылдануға баулу.
5. Экология және еңбек фракциясы: Майранова Дана
Мақсаты: Оқушылардың ғылым, техника, экономика, заң, саяси, қоғамдық белсенділік саласындағы интелектуалдық кеңейту.
6. Мәдениет және өнер: Сапарова Анель
Мақсаты: Бағыт бойынша түрлі мәдени шаралар өткізу (әншілер конкурсы, бишілер жарысы, спортпен шұғылдануы, оқушылар жайлы мағлұмат жинау) Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару » ұйымының вацап желісінде чат ашылып белсенділер тіркелді.
7. Дебат қозғалысы: Тарих Нурдаулет
Мақсаты: Қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау жəне талдау арқылы білім алушылардың əлеуметтік жəне шығармашылық белсенділігін арттыру.
8. Қамқорлық (еріктілік): Дуйсенгалиев Марлен
Мақсаты: азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру
Мектеп тәлімгері : Аманжолова С.А