Эстетикалық бағыттағы гимназия оқушылардың шығармашылық , зияткерлік қабілеттерін, эстетикалық көзқарастарын, өнер мен мәдениетке деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған үлкен мүмкіндіктер әлемін ұсынады. Бүгінгі таңда гимназистер арасында оқушылық кезеңіне қарамастан, халықаралық деңгейдегі лауреаттар мен бірнеше дүркін дипломанттар білім алуда.
Эстетикалық гимназия оқушылары IELTS емтихандарында тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, түлектер Англия, Малайзия, Италия, Франция, БАӘ, Қытай және басқа да әлемнің беделді университеттерінде білімдерін жалғастыруда. Сонымен қатар, гимназия зияткерлік пен көшбасшылық қабілеттерді дамытуымен үйлестіретін теңдестірілген білім беруді ұсынады.
2025 жылы Эстетикалық гимназия STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) бағытындағы жобаларды енгізіп. цифрлық сауаттылық және технологиялық дағдылар: Робототехника, бағдарламалау, IT-технологиялар бойынша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді міндетке алуда.
Эстетикалық гимназия 2011 жылдан бері қызмет етеді. Эстетикалық бөлім жұмысын үш бағытта жүргізеді. Олар: Музыкалық, хореографиялық және көркемсурет бөлімі. Музакалық бөлім бағытында: домбра, қобыз, баян, жетіген,скрипка , фортепиано, дәстүрлі ән, вокал, флейта аспаптары бойынша оқытылады. Көркемсурет бөлімі Аrt skills: Сooking club және Art studio бағыттары бойынша жұмыс жасайды.
Гимназия шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді дамытуға, өнердің әртүрлі салаларын терең меңгеруге мүмкіндік береді. Гимназияның бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкес келіп, талантты жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.