
Бүгін гимназиямызда Мектеп парламентінің жаңа құрамына қабылдау өтті! ✨
04.11.2026
📚 «Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!»
06.11.2026
2026жылдың 4қарашасында гимназия кітапханасында әдеттегідей салтанатты жиын емес, ерекше бір кездесу — ой мен сөз, еңбек пен шабыт тоғысқан «Шабыт Station» әдеби кафесі ұйымдастырылды. «Адал еңбек. Биік мақсат. Шынайы шабыт» -кездесудің кредосы.
Кездесудің басты кейіпкерлері — республикалық « Махамбет оқулары» байқауында өз білімдері мен қабілеттерін дәлелдеп, гимназиямыздың мерейін асырған Манарбек Нұрислам мен Марат Ділназ. Кездесудің басты идеясы — екі оқушының республикалық байқаудағы жетістігін атап өту ғана емес, олардың шығармашылық жолын, ізденісін,еңбегін гимназистермен және ұстаздарымен бөлісу. Кездесу барысында шабытты ашық сұқбат , еркін микрофон, поэзияға кезек беріліп , жылы атмосфера орнады.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілген бұл шара жетістікке жетудің негізі адал еңбек, табандылық, білім мен жауапкершілік екенін насихаттады.
Шараға қатысушылар Республикалық байқауда жетістікке жеткен Нұрислам мен Ділназдың бүгінгі жетістіктері — осы құндылықтардың өмірдегі көрінісі екенін жеткізді.
Шараны ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рсаева Г.Т5 дн.




