
📚«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында және «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 3 қарашада Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде клуб жетекшісі Утишкалиева Салтанат Кәкімқызының және клуб мүшелері – эстетикалық бағыттағы гимназияның оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
03.11.2026
Бүгін гимназиямызда Мектеп парламентінің жаңа құрамына қабылдау өтті! ✨
04.11.2026📅 2026 жылғы 4 қарашада Эстетикалық бағыттағы гимназияда тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Әділдік және жауапкершілік» айына орай 8–10-сынып оқушыларының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді.
🤝 Кездесуге полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Бектай Мергенұлы Азаматов қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ жасөспірімдердің тәртіп мәдениеті жөнінде маңызды ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
💬 Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды.
📌 Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.




