
❤️ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
18.10.2026
«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» 🇰🇿
21.10.2026«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Ә.Н. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің кітапханасында «Білім альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жайық қаламгері» атты сыр-сұхбат кеші өтті.
✨ Кештің құрметті қонағы – республикалық «Яссауитану» жыр-мүшәйрасының жеңімпазы, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері, ақын, әдебиет зерттеушісі әрі ұлағатты ұстаз Қуаныш Талап Таймасұлы болды.
Кездесу барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар қаламгердің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақынмен сыр-сұхбат өрбіп, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, поэзия мен шығармашылық туралы тағылымды әңгіме тыңдады.
Осындай мазмұнды кездесулер әдебиет пен оқырман арасындағы алтын көпірді нығайтып, жас ұрпақтың шығармашылыққа деген құлшынысын арттыра түседі.




