
2026 жылғы 14 қазанда Эстетикалық бағыттағы гимназияда *«Мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»* тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
15.10.2026
🌱 «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер!» 🌱
16.10.2026🏆 «АЛТЫН САҚА» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ СЫНҒА ТҮСКЕН БӘСЕКЕ! 🏆
📚 2026 жылғы 9 қараша күні гимназиямызда 5–6-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» мектепішілік олимпиадасы өткізілді.
🎯 Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын ояту және дарынды оқушыларды анықтау.
🧠 Білім додасы барысында оқушылар өздерінің білім деңгейін, тапқырлығын, шапшаңдығын және логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Тапсырмалар оқушылардың математикалық білімдерін өмірде қолдануына, өз бетінше шешім қабылдауына және ойлау дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндік берді.
🌟 Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз:
🔹 5-сынып бойынша:
🥇 Аталиков Темуджин (жетекшісі: Кунакбаева А.П.)
🥇 Султанов Адель (жетекшісі: Ашекенова Ү.Е.)
🥇 Баир Аидын (жетекшісі: Кунакбаева А.П.)
🔹 6-сынып бойынша:
🥇 Бексеитова Назерке (жетекшісі: Казкеев Д.Р.)
🥇 Мұрат Болат (жетекшісі: Дарбаева Р.Б.)
🥇 Кушенов Дастан (жетекшісі: Дарбаева Р.Б.)
👏 Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың білімге деген құштарлығы мен табандылығы – үлкен жетістіктердің бастауы.
💐 Оқушыларымызды олимпиадаға дайындаған ұстаздарға еңбектері мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз!
✨ Білім бәйгесінде биіктен көрініп, қалалық кезеңде де жеңіс тұғырынан көрінулеріңе тілектеспіз!




