
💚 «Жақсылық жасаудан жалықпа!»
22.10.2026
ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ – РЕСПУБЛИКА!
23.10.202623 қазан 9ә сыныбының қатысуымен Гимназия кітапханасында Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сырлы шығармаларымен оқырман жүрегінен орын алған жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына орай «Сағыныш болып қалған Сайынның сырлы әлемі»атты танымдық сағаты өткізілді.
🎬 Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, қаламгердің әдеби мұрасы туралы мағлұмат алды. «Бұл кім?» танымдық ойыны ойнатылып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, «Сағынышқа айналған сәттер» атты фотосуреттер топтамасы ұсынылып, қаламгердің шығармашылық әлеміне саяхат жасалды.
📱 Кештің қорытынды бөлімінде оқушылар арасында «Сайын әлемін таныдың ба?» атты Kahoot интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады.
Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» секілді сырлы шығармалары оқырман жүрегінде балалық шақтың сағынышын, ауыл өмірінің жылылығын және адам жанының нәзіктігін сақтап келеді. Қаламгердің мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек! 💚




