
❤️ ӘР БАЛА – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!
29.09.2026
🌷 «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ – ҰСТАЗҒА»
05.10.2026Ұстаздар күніне орай гимназиямызда педагог мәртебесін асқақтатып, ұстаз еңбегін дәріптеуге арналған «Құрмет тақтасы» қойылды.
Құрмет тақтасынан кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен, толағай жетістіктерімен танылған тәжірибелі ұстаздармен қатар, білім беру жолында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас мамандар да орын алды.
Бұл – тек жетістікті көрсету емес. Бұл – еңбекке құрмет, ізденіске қолдау, әр ұстазға жаңа белестерге ұмтылуға берілген жігер!
Құрмет тақтасын гимназия директоры Э.А.Алпамысова мен ардагер ұстаз салтанатты түрде ашты. Бұл сәт ұстаздық жолдағы сабақтастықтың, тәжірибе мен жаңашылдықтың, дәстүр мен жаңа бастамалардың үйлесімін айшықтады.
💫 Әр ұстаздың өз биігі бар.
Әр ізденістің өз жемісі бар.
Әр еңбектің еленетін сәті бар.
Бүгінгі бастама гимназиямыздағы барша ұстазға жаңа серпін беріп, кәсіби дамуға, тың идеяларға, жаңа жетістіктерге жетелесін!
Өйткені ұстаздың жетістігі – бір адамның ғана жеңісі емес, шәкірттің болашағына, гимназияның мерейіне қосылған үлес.
💐 Құрметті ұстаздар!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, ізденістеріңіз нәтижеге, бастамаларыңыз үлкен жетістіктерге ұлассын! Құрмет төрінен көрініп, шәкірт жүрегіндегі мәртебелеріңіз әрдайым биік болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын! ❤️
#Ұстаздаркүні
#ҰстазғаАлғыс26
#Орал
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@aqparatqogam@bqobilimbasqarmasy@k.mendigaliyev@aliyaazulkarnaevna@a.t.m.70@oral_bilim@kht2001@madeniet_oral@oral_ishki_sayasat_bolimi@jaiyqjastary@prokuratura_oral@policebqo@up_uralsk@tjb_oral_bko@assembly_oral@departament_zko@npo.zko@oral.din@batys_madeniet




