
🌟 МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ – ЖАҢА КОМАНДА! 🌟
05.09.2026
👨👩👧👦💛 ОТБАСЫ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ!
08.09.2026Отбасы апталығы аясында 11 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Утишкалиева С.К. ұйымдастыруымен тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өтті.
👨👧👦 Кездесуге сынып оқушысының әкесі арнайы шақырылып, оқушылармен отбасындағы тәрбие, әкенің рөлі, жауапкершілік, өмірлік құндылықтар және ер азаматқа тән қасиеттер туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
💬 Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ болашақта қандай азамат болғылары келетіні туралы айтып, отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызына тоқталды.
✨ Отбасы – адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасатын алғашқы ортасы. Ата-ананың өнегесі мен тәрбиесі – балаға өмір бойы бағыт-бағдар беретін құндылық.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына жауапкершілік, адамгершілік, үлкенге құрмет пен отбасылық құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді. ❤️
#Otbasym2026#ОтбасыТәрбиеБастауы#ОтбасыАпталығы#11Б#СыныпСағаты ОтбасылықҚұндылықтар Тәрбие




