
«Арман Жайымның «Сағыныш» шығармасы негізінде прима қобызда кантиленалық жұмыс».
31.01.2026
Ташкент қаласында өткен Халықаралық «Oren Stars of Uzbekistan» байқауы
26.03.2026Бүгін, яғни 24.02.2026 ж. гимназиямызда ерекше қуанышты сәт орын алды 🎉
ЭБГ ұжымы мен оқушылары «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17–20 ақпан күндері Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 8–11 сынып оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV (республикалық) кезеңінде жүлделі 🥈 2-орын алған 11-сынып оқушылары Свечников Никита мен Сармулдин Диасты және жеңімпаз шәкірттерді дайындаған педагог-шебер Казанцева Ольга Михайловнаны таңмен салтанатты түрде қарсы алып, құттықтады 🌟
Салтанатты шараның ашылуында гимназия директоры Э. Алпамысова «Орыс әдебиеті» секциясы бойынша ғылыми жобаны сапалы дайындауға жетекшілік еткен әріптесіміз Ольга Михайловнаға гүл шоғын табыстап 💐, жобаны сәтті қорғаған жеңімпаз шәкірттерімізге естелік сыйлықтар ұсынды 🎁
Оқушыларымыздың республика деңгейіндегі жетістігін гимназиямыздың ортақ мақтанышы деп атап өткен Э. Алпамысова бұл жеңіс — білімге деген құштарлықтың 📚, табандылықтың 💪 және шығармашылық еңбектің ✨ жарқын нәтижесі екенін ерекше атап өтті.
Қуанышты кездесу сәті оқушыларға зор шабыт сыйлап 🚀, жас зерттеушілерді ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруға жігерлендірді 🔬🌈
Жеңістеріңіз көп болсын! 👏🎊




