
📅 20.01.2026 жылы «Заң және тәртіп» айлығы аясында Орал қаласының № 2 сотында кездесу өтті.
20.01.2026
Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің кеңесі өтті.
20.01.2026📚 20 қаңтар күні гимназия кітапханасында 6 «Д» сыныбына арналған тағылымды шара өтті.
Шара көрнекті жазушы, зерттеуші, қоғам қайраткері Медеу Сәрсеке Сапаұлының 90 жылдығына арналды.
Тақырыбы: «Қаламы ғылыммен үндескен қаламгер».
Шараның ашылуында Медеу Сәрсеке Сапаұлының қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан зор үлесі, қаламгердің ел тарихындағы орны мен рухани мұрасы туралы ерекше атап өтілді.
Келесі кезекте оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Бұл кім?» атты сергіту ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында экранда танымал тұлғалардың бейнелері көрсетіліп, оқушылар олардың есімдерін тапты.
Шара барысында Медеу Сәрсеке Сапаұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейне-ролик көрсетілді.
Сонымен қатар слайд таныстырылым арқылы жазушының өмірбаяны, еңбек жолы, шығармалары мен алған марапаттары туралы кеңінен мәлімет берілді.
Шара соңында оқушылардың алған білімін қорытындылау мақсатында Kahoot платформасы арқылы викториналық ойын ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Тағылымды шара мазмұнды өтіп, оқушыларға рухани әсер қалдырды.




