
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай гимназиямызда «Тәуелсіздік – тұғырым» атты іс-шара өтті.
15.12.2025
📚✨ Кітапханада жаңа Brain Chill Zone іске қосылды!
17.12.202517 желтоқсанда Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «FEEDBACK AND INTERACTIVE METHODS OF TEACHING ENGLISH» атты қалалық семинары өтті. Семинарды директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Утепбергенова Д. М. ашты.
Семинардың ұйымдастырушылары мен спикерлері: Утениязова М. С., Баяндыкова Ж. М., Тулеуова М. К., Нурланова А. Ж., Абилкаримова Ж. Е., Кайргалиева Г. Б., Ахтаров М. Ж., Балманова А. Т., Кажимова А. К., Искалиева Е. М.
Іс-шара барысында педагогтер шеберлік сыныптарын өткізіп, ағылшын тілі сабақтарында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ынтымақтастықта оқыту және қызығушылығын дамытуға бағытталған тиімді әдістемелік және интерактивті тәсілдермен бөлісті.
📌 Гимназияның даму жоспары бойынша, семинар кәсіби тәжірибе алмасу, өзара іс-тәжірибе тарату және педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды. 🚀




