
“Жас дарын” байқауында жарқырай көрінген шәкірттеріміз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
28.11.2025
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Адал азамат Біртұтас тәрбие бағытында “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы бойынша 9,10,11- сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды.
28.11.2025
28 қараша күні Эстетикалық бағыттағы гимназияда қалалық білім беру бөлімімен бірлесе отырып, жоспарлы «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» атты жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шараға ата-аналар, мектеп әкімшілігі және қаладағы жауапты мекеме өкілдері қатысып, оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Жиналыстың алғысөзін алған гимназия директоры Э.А. Алпамысова күн тәртібінде көтерілетін мәселелерге таныстырылым жасады.
Жиналыста сөз сөйлеген спикерлер:
🔹 Облыс прокурорының аға көмекшісі Ш.А. Алибекова “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналар мен білім беру ұйымдарының жауапкершілігі”
🔹Орал қ.полиция басқармасы жедел криминалистикалық бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Т.М. Махамбетов “Жасөспірімдер арасындағы агрессия, буллинг және суицид қаупін алдын алу бойынша ювеналды полицияның шаралары”
🔹 Мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Б.Ж.Умарова “Оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектептің кешенді жұмысы”
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері К.С.Тулегенов пен Р.М.Данагулов бала тәрбиесінің маңызы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы тақырыптарды қозғап, пікір білдірді.
Жиналыстың соңында қаулы етілді:
1. Мектеп әкімшілігіне:
1.1. Жыл бойы психологиялық профилактика бойынша жоспарлы жұмыстарды күшейту;
1.2. Оқушылардың психологиялық жағдайын қадағалауға бағытталған скринингтік диагностикаларды қауіпсіз түрде және ата-аналардың келісімімен жүргізу;
3. Сынып жетекшілерге:
3.1. Оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді уақтылы бақылап, психологпен бірге әрекет ету;
4. Ата-аналарға:
4.1 Баланың интернеттегі белсенділігін қауіпсіз бақылау, қауіпті контентті шектеу;
4.2. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейту арқылы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;
#Birtutas_tarbie
#Адал_азамат
#заңжәнетәртіп
@oral_bilim
@unescoclubskz
@bqobilimnews
@bqobilim @policebqo @prokuratura_bqo
@oqu_agartu_ministrligi




