
«Хореография» бөлімінде 5-сынып оқушылары арасында кураторлармен бірлесе ұйымдастырылған «Шекарасыз би: куратормен бірге» атты жыл сайынғы мектепішілік хореография байқауы жоғары деңгейде өтті.
14.11.2025
STEAM жобасы аясында “Фауна фактілері: Ойлан, тап!” тақырыбында 8 сынып оқушылар арасында экологиялық брейн-ринг ұйымдастырылған болатын.
19.11.2025Гимназияда дәстүрлі «Әкелер форумы» өтті. Мақсаты: әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әкенің отбасыдағы рөлі, ұлттық тәрбие мен патриоттық сананы қалыптастыру, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық болды. 📚
Форум барысында әкелер өз тәжірибелерімен бөлісті, бала тәрбиесіндегі рөлдік тепе-теңдік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар арасында сенім мен өзара түсіністікті арттыруға бағытталған интерактивтік жаттығулар өткізілді, әкелер балаларға жүрекжарды хаттар жазды ✍️❤️.
Қоғамдағы әке мен баланың тәрбиесінің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мектеп парламентінің ситуациялық бейнероликтері әкелерге терең әсер етті, сондай-ақ балаларды зиянды заттардан қорғау мәселелері талқыланды
Директор Алпамысова Эльмира Алпамысова форумды ерекше форматта ұйымдастырып, әкелердің ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеге қатысуының маңыздылығын атап, белсенді әкелерді алғыс хаттармен марапаттады 👏. Құрметті қонақ – ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақ «Әке – отбасының тірегі, ұлттың негізі» тақырыбында тағылымды ойларымен бөлісті 🖋️🇰🇿.
Форум жалпы алғанда тәрбиелік бағытта әсерлі, мазмұнды және қоғам үшін маңызды шара ретінде өтті 🌟🎉.
#біртұтастәрбие
#адалазамат
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@aqparatqogam@bqobilimnews@a.t.m.70@kht2001@madeniet_oral@oral_ishki_sayasat_bolimi@jaiyqjastary@policebqo@up_uralsk@tjb_oral_bko@assembly_oral@departament_zko@npo.zko@oral.din@batys_madeniet@batys_daryny@oral_bilim@bqobilim@batys_kz




