
🌿 Жарайсың, Эльдана! 🌿
07.11.2025
«Ұлттық құндылықтар» тақырыбында өткізу ұсынысы бойынша Эстетикалық бағыттағы гимназия кітапханасы ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.
07.11.20257 қараша күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми –педагогикалық кітапханасы 2025 жылдың 17 қазанынан 17 қараша күндері аралығында Мектеп кітапханалары айлығын «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында өткізу ұсынысы бойынша Эстетикалық бағыттағы гимназия кітапханасы ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және оқыған кітабынан алған әсерін бөлісуге үйрету.
Аталған іс-шараға 6д сынып оқушысы Ғайса Зере қатысты.
Шара барысында Зере өзінің сүйікті әйгілі жазушы Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» атты повесі бойынша презентациясын дайындап сонымен қатар шығарманы талдап берді.
Бұл повестің мазмұны ауыл өмірі мен адамдар арасындағы қатынастар арқылы адам жанының нәзіктігін, мейірім мен ізгіліктің құнын көрсетеді.
Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесінің жалпы идеясы — адамның адамгершілігін, табиғатқа және туған жерге деген сүйіспеншілігін сақтау, рухани тазалық пен табиғи тектілікті жоғалтпау керек екендігін айтып, Зере осымен қорытынды жасады.
Сынып жетекші: Каиргалиева Г.Б
Кітапханашы: Днищева А.М.




