
10 «В» сынып оқушылары баршаңызды Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтайды!
24.10.2025
🧒👧 Балаларымыздың қауіпсіздігі – ең басты міндет!
29.10.2025Мектебімізде ағымдағы мәселелерді қарастыру мақсатында директор жанындағы отырыс ұйымдастырылды.
Жиын барысында оқу үлгерімі төмен және ішкі бақылауға қойылған сыныптар бойынша мәліметтер таныстырылып, пән мұғалімдерінің пікірлері тыңдалды.
📚 Оқу сапасын арттыру бағытында мектепішілік бақылау мен жүйелі жұмысты күшейту, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жандандыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, директор мен мектеп әкімшілігі сынып жетекшілермен, кураторлармен және педагог-психологпен бірлесе отырып, 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу жағдайына ерекше назар аударды.
Бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету, оқу мотивациясын арттыру және ата-аналармен тұрақты байланыс орнату бағытында нақты шаралар қабылданды.
#ДиректорОтырысы#БілімСапасы#ПедагогикалықКеңес#МектепӨмірі#ОқуПроцесі




