
🧒👧 Балаларымыздың қауіпсіздігі – ең басты міндет!
29.10.2025
🎓 Жас және жаңадан келген педагогтерге арналған «Өсу векторы» мектебінің күзгі сессиясы өтті!
30.10.2025🎓 ЭБГ-де педагогикалық кеңес №2 өтті
30 қазан күні ЭБГ-де педагогикалық кеңес өткізіліп, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
📋 Күн тәртібінде:
1️⃣ Алдыңғы педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы;
2️⃣ I тоқсандағы оқу-тәрбие процесі мониторингінің қорытындысы;
3️⃣ Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері;
4️⃣ Құқықбұзушылықтың алдын алу, баланың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары.
🟢 Қаулы етілді:
✅ I тоқсанда төмен нәтиже көрсеткен сыныптармен зерттеу жұмыстары жүргізілсін;
✅ Инклюзивті білім берудің мазмұнын жетілдіру бағытындағы әдістемелік жұмыстар жалғастырылсын;
✅ Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілсін.
💬 Кеңес барысында ұстаздар оқу үдерісінің сапасын арттыру мен оқушылардың жеке жетістіктерін қолдауға бағытталған тиімді ұсыныстар мен тәжірибелерін ортаға салды.




