
2025 жылдың 17 қазан айына 2025-2026 оқу жылына пайда болған бос педагог лауазымдарына конкурстан өткендердің тізімі:
17.10.2025
Эстетикалық бағыттағы гимназия директоры лауазымына Алпамысова Эльмира Алпамысовна тағайындалды.
20.10.202518 қазан күні Мейірімділік айы аясында Эстетикалық бағыттағы гимназияның 10 «Б» сынып оқушылары «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар ерекше жан – Асланбекпен танысып, онымен жылы жүзді, әсерлі кездесу өткізді. Ерікті түрде өмір, арман мен мақсаттар туралы әңгімелесіп, жақсы әсер алды. Кездесудің маңызды сәті — мотивациялық әңгіме болды. Асланбек оқушыларға шын жүректен алғысын білдіріп, қандай жағдай болмасын берілмей, алға ұмтылу қажеттігін айтып, оларға рух сыйлады. Өз кезегінде оқушылар оған күш-жігер, сабыр мен табандылық тілеп, болашақта көмектесуге дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, оқушылар Асланбекке шағын қаржылай сыйлық табыстап, бұл олардың шынайы қолдауы мен қамқорлық ниетінің белгісі екенін жеткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген төзімділікті қалыптастыру, жанашырлық, құрмет пен түсіністікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Утишкалиева С.К.
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@aqparatqogam@bqobilimnews@k.mendigaliev@a.t.m.70@aliyazulkarnaevna@shgen_07@kht2001@madeniet_oral@oral_ishki_sayasat_bolimi@jaiyqjastary@policebqo@up_uralsk@tjb_oral_bko@assembly_oral@departament_zko@npo.zko@oral.din@batys_madeniet@tenqogam_oral




