
«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған іс-шараға қатысты.
18.10.2025
🎓 Болашаққа бағыт – дұрыс таңдау!
20.10.2025🔰Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының конкурстық комиссиясы отырысының 2025 жылғы 15 қазандағы №5 хаттамалық шешімі негізінде, 2025 жылғы 20 қазаннан бастап Орал қаласындағы Эстетикалық бағыттағы гимназия директоры лауазымына Алпамысова Эльмира Алпамысовна тағайындалды.
Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім беру бөлімінің басшысы Алия Қайржанова ұжымға жаңа басшыны ресми түрде таныстырды.
Алпамысова Эльмира Алпамысовна – 1982 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, педагогика ғылымдарының магистрі.
Орал педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Физика – информатика», КазИИТУ «заңгер» мамандықтары бойынша аяқтаған, 2025 жылы БҚИТУ «педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесін алған.
Біліктілігі – сарапшы педагог, бірінші санатты басшының орынбасары.
Жалпы еңбек өтілі – 22 жыл.
Еңбек жолын 2003 жылы Шыңғырлау ауданы Константинов мектебінде бастаған.
Әр жылдары:
— директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
— Шыңғырлау аудандық №7 кәсіби мектеп-лицейінің мұғалімі, әдіскері,
— аудандық білім бөлімінің жетекші және бас маманы, сектор меңгерушісі,
— ішкі саясат бөлімінің басшысы,
— Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің басшысы,
— БҚО Білім басқармасының бас маманы лауазымдарын атқарған.
2021 жылдан бері Орал қаласы Эстетикалық бағыттағы гимназиясында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек етіп келеді.
Жаңа қызметінде Эльмира Алпамысовнаға сәттілік тілейміз!
#тағайындау#эстетикалықгимназия#ГЭН#оралұстаздары
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@aqparatqogam@bqobilimnews@k.mendigaliev@a.t.m.70@aliyazulkarnaevna@shgen_07@kht2001@madeniet_oral@oral_ishki_sayasat_bolimi@jaiyqjastary@policebqo@up_uralsk@tjb_oral_bko@assembly_oral@departament_zko@npo.zko@oral.din@batys_madeniet





