
Республика күнімен!
24.10.2025
10 «В» сынып оқушылары баршаңызды Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтайды!
24.10.2025«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында гимназия кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған әдеби саяхат өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің классик жазушылары мен ақындарының шығармаларымен тереңірек таныстырып, олардың өмірі мен еңбектерін насихаттау, сондай-ақ оқуға қызығушылық пен рухани құндылықтарға сүйіспеншілікті арттыру болды.
Іс-шара барысында жазушылардың өмірбаяндары мен шығармашылық жолдары жайында мағлұмат беріліп, Т. Әлімқұловтың «Охотник и орел», «Черногривая волчица» туындылары және Ж. Нәжімеденовтің «Мой Казахстан», «Родина, ты священна», «Отан» өлеңдері талданды.
Оқушылар өздері салған суреттерін таныстырып, шығармалар бойынша ой бөлісті. Шара соңында қатысушылар жазушылардың рухани мұраларын дәріптеп, отансүйгіштік пен адамгершілікке баулитын шығармаларды көп оқуға шақырылды.
Әдеби шараға 1 «Б




