
⚜️«Күй күмбірі» челленджі
20.03.2025
“Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілік” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық деңгейде ұстаздар шеберханасы өтті.
26.03.2025Эстетикалық бағыттағы гимназия 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа оқушылардың құжаттарын қабылдауды 2025 жылдың 1 сәуірінен сағат 9:00-ден бастап мемлекеттік қызметі бойынша өтініштер «Электрондық үкімет» порталы арқылы «е-gov.kz» электрондық түрде қабылданып, өтініштер қызмет берушілермен «ҚР ОМ Мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы ғана орындалатындығын хабарлаймыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
✅«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
✅«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
✅баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.




