
«Профилактикалық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
01.02.2025
Бүлдіршіндер қайырымдылыққа үлес қосты
01.02.2025📚✨ *Теология маманымен кездесу.
Бүгін гимназиямызда теолог маманының қатысуымен 8-10 сынып оқушыларымен ерекше кездесу өтті! Раманкулов Әсет Исламбекұлы — Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы қатысып жасөспірімдерді деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мен алдын алудың тиімді жолдарын түсіндірді. Шара барысында оқушылардың назарына жат идеологиядан сақтандыруға бағытталған бейнероликтер ұсынылды.
130-дан астам мектеп оқушысы қатысып, 🙌 оқушыларымыз дін, адамгершілік және рухани құндылықтар жайында сұрақтарын қойып, терең әңгімелер тыңдады. 🔍Кездесу барысында әртүрлі көзқарастар мен ойлар тыңдалып, маңызды мәселелер көтерілді. Бұл білім беру мен рухани даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды!
🙏 Мұндай кездесулер арқылы жастарымыздың ой-өрісі кеңейіп, рухани тұрғыдан жетілуіне септігін тигізеді.




