
“Әділет жолымен жүру – жарасымды өмір сүру” тақырыбында кездесу кеші өтті.
24.01.2025
“Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында әлеуметтік желі, цифрлық әлем, оның пайдасы мен зияны, әлеуметтік желіні қауіпсіз қолданудың ережесі туралы ақпарат берді.
24.01.20252025 жылдың 24қаңтар күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына орай «Қадырдың қадірлі жырлары» тақырыбында поэзия сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға жерлес ақын Қадыр Мырза Әлінің өмірі, шығармашылығымен таныстыру және шығармашылығын насихаттау. Шара барысында оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысты.
Қадыр Мырза Әлінің жырларынан адал еңбек, биік адамгершілік, Отанға, халыққа, ерге, жерге деген сүйіспеншіліктен бастап барлық жақсылық атаулыға сүйсініп қарайтынын көруге болады. Ақынның қаламынан туған ертегілері мен балладалары, өлеңдері, мысалдары мен мазақтамалары, жаңылтпаштары мен жұмбақтары, санамақтары әр баланың, оқушының тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгіге айналды, қазақ классикасына қосылғандығы да сөз етілді.
2ә сынып оқушылары: ақынның өздеріне ұнаған өлеңдерін оқыды. Шара соңында оқушылар Қадыр атамыздың жұмбақтарын шешіп, мысалдарын оқыды. Поэзия сағаты Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығындағы ақын мұражайына экскурсия жасаумен аяқталды.




