
🔰“Заң және тәртіп” айы аясында “Кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу жұмысы” тақырыбында мәжіліс өтті.
22.01.2025
“Буллингтің алдын алу” бойынша апталық аясында 9 ә, 9 в сыныптарының қатысуымен “Жасөспірім. Құқық. Медиация” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
24.01.2025Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар «Заң және тәртіп» айы болғандықтан, сонымен қатар 20-25 қаңтар аралығындағы буллингті алдын- алу апталығына сәйкес жоспар бойынша жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен буллингті алдын алу мақсатында адвокаттық кеңесінің төрағасы, прокуратура органдарының ардагері Ищанов Галимжан Султашевичтің, облыс прокурорының аға көмекшісі Имангалиева Жанар Өміргалиевнаның, адвокат, кәсіби медиатр Хабиева Мавлина Калимжановнаның, Орал қ .ПБ есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл бөлімінің жедел уәкілі Аубакиров Наиль Талгатовичтің, заң ғылымдарының магистрі, М.Өтемісов ат. БҚУ «Құқық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Базаргалиева Жазира Акимгалиевнаның, ПБ кәмелетке толмаған істер жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Айдыналиева Жұлдыз Утемисовнаның қатысуымен кездесу кеші өтті. Кеш барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері терең түсіндіріліп, заңды бұзудың салдары, сондай-ақ буллингтің зиянды әсерлері туралы айтылды. Сондай- ақ, қоғамда бейбітшілік пен тәртіп сақтаудың маңыздылығы, өзара сыйластық пен әділдіктің негіздері түсіндірілді. Осындай шаралар гимназия оқушыларына болашақта жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті арттыруға үлкен септігін тигізеді деген сенімдеміз!
#біртұтас_тәрбие
#birtutas_tarbie
@prokuratura_bqo@prokuratura_oral@oral_bilim@bqobilim@policebqo




