
“Айналайын” балалар шығармашылығы байқауының үздіктерін құттықтады.
13.12.2024
Туа біткен талантымен тәнті еткен Серік Сәбитұлы Әбдірахманов
14.12.2024Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен « Ақ Жайық,сенсің әр кез сыйынарым» атты қалалық Ақұштап оқуларының бас жүлдесін жеңіп алған гимназиямыздың 8 «Г» сынып оқушысы Марат Ділназ ұстазы Рсаева Гүлім Тулеушевнамен 13 желтоқсанда Ақжайық телеарнасының шақыруымен «Күншуақ» бағдарламасына қатысып қайтты.Ұстаз бен шәкірт жыр мүшайрасы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.Жыр сүйер қауым Ділназдың нақышына келтіре оқыған «Ерлікті көзбен көрген күн» , «Сіңліге сыр» өлеңдерін сүйсіне тыңдады.




