
“Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” тақырыбында бірыңғай республикалық Флэшмоб өткізіледі
06.12.2024
«Тәуелсіздік — ел тұғыры!» тақырыбындағы 3D үш өлшемді моделін әзірлеу байқауы
06.12.20242024 жылдың 6 желтоқсан күні Эстетикалық бағыттағы гимназияда қалалық жас ұстаздарға “Жасанды интеллект құралдарын оқу үрдісінде қолдану жолдары” тақырыбында семинар оздырылды. Мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Гүлжан Меркеевна “Бәрімізде бір мақсат” тренингін жүргізді. 1 а сыныбында Ақұлпа Айдарқызы, 1 г сыныбында Бақытгүл Александрқызы математика пәнінен “Сандарды қосу және азайту”, 4 г сыныбында Шынар Жайболатовна жаратылыстану пәнінен “Ауаның маңызы қандай?”, 3 ғ сыныбында Динара Фазыловна қазақ тілі пәнінен “Бастауыш” тақырыбында ашық сабақ, Ақгүл Жәрдемқызы “Жоба әдісі-заманауи білім нәттжесіне қол жеткізу тәсілі”, Жанаргүл Жеңісқызы мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мирхат Жанболатұлы “Жасанды интеллект жүйесін қолданудың артықшылығы” тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Айсұлу Амантаевна мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арай Тасболатқызы “Тиімді кері байланыс-мақсатқа жету қадамы” тақырыбында кері байланыс жүргізді. ҚБББ-нің бастауыш сынып әдіскері Ақұлпа Ізімғалиқызы семинарды қорытындылап, жоғары деңгейде өтті деп бағалады.




