
📍 «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
01.09.2024
30 жылдық мерейтойына орай білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен кәсіподақ жұмысын дамытуға қосқан үлесі үшін мектеп ұжымына Алғыс хат
03.12.2024Бүгін 05.09.23 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігі еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті. 2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушыларға тілдің адам өмірінде, ұлт өмірінде алатын орны туралы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ғылыми еңбектері туралы эссе, диктант жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек үстел және сынып сағаттарын өткізді. Қадірлі тіл жанашырлары! Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!




