
“LitMediaTime” READx WatchX жоба бағыты бойынша “Адалдықтың өтемі” тақырыбында 1,4-сыныптарға бейнеролик көрсету шарасы өткізілді.
19.02.2024
«Жанұя-қорғаным, ата-ана –тірегім» тақырыбында кезекті ата-аналар жиналысы оздырылды.
20.02.202420 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларын ертегі оқуға тарту, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, олардың бойына ұлттық, адамгершілік қасиеттерді, сөздік қорын, қиялын, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Мен оқыған бір ертегі» атты ертілер оқу сағаты ұйымдастырылды.
Шара барысында өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны және күнделікті ертегі оқыған бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өсетіні туралы айтылды. Оқушылар ертегілердің түрлерімен танысып, ертегілер еліне саяхат жасады.
Оқушылар ертегілер еліне жету үшін: Кейіпкерлермен сырласайық; Ой түрткі; Ой – өрісті сергітейік кезеңдерінен өтіп, тапсырмалар орындады. Сондай ақ оқушылар оқыған ертегілерін баяндап, сыныптас – достарына оқуға кеңес берді. Шара соңында оқушылар «Жақсылық пен жамандық» ертегісін тамашалап, жалпы ертегі желісінде жақсылық пен жамандық туралы түсніктерін айтып, ой бөлісті. Шараға белсене қатысқан 2 Г сынып оқушылары мен Жанаргүл ұстазға алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырған Сариева Райгул Адиетовна




