
Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
17.01.2024
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3-4 сыныптар арасында
18.01.202417.01.24ж гимназиямызда Өзін-өзі басқару ұйымдары оқушылары арасында “Бізге қосыл!Өс.Жетіл. Шарықта” тақырыбында өткізілген қалалық семинар өтті!Семинарға қаламыздың 35 мектебі келген болатын. Шарада әр мектептің көшбасшылары мен белсенділері келген болатын.
Шарамыздың басы Мектеп тәлімгері әрі диретордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерекен Өмірұзақұлының сөзімен басталып, әрі қарай мектеп президенті Айболат Бибісұлу мектептің өзін-өзі басқару ұйымының құрамымен таныстырды. Шараға келген барлық оқушылар бірдей ойындарға белсенді қатысты. Өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы негізінде , сапалы білім, саналы тәрбиенің жан- жақты артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі арттыруды негізге алдық.Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланысты. Сол себепті келген қонақтарымыздың шараның көңілдерінен шыққанын байқадық.
Шара соңында гимназия директоры Алия Зұлқарнайқызы баларға шабыт сыйлап, қолдау білдірсе ҚББ бөлімінің әдіскері Тұрсын Амангелдіқызы барша белсендідерге ризашылығын білдіріп, Жасұлан БМЖҰ-ң Орал қаласы бойынша атқарушы хатшысы Жансая Аблайқызы семинардың өз мақсатына жете алғандығы жөнінде сөз қозғап тілге тиек еткен болатын! Шара соңы “Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз,сол бойынша өз ісіміздің үздігі боламыз” деген сөзбен аяқталған болатын!
#өзінөзібасқаруұйымы
#мектеппарламенті
#біртұтас_тәрбие
@oral_bilim@bbdo2020@oqu_agartu_ministrligi




