
📌 Қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, келешек ұрпаққа қамшы өру өнерін үйрету, жасөспірімдердің ұлттық мақтаныш сезімін ояту
16.01.2024
Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
17.01.2024«Жаңа толқын» желілік қоғамдастық педагогтері үшін 16.01.2024 ж. Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында «Lesson study – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында оқыту семинары өтеді.
Семинарға қаламыздың №28 МЛ, №33 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №24 ЖОББМ педагогтері қатысып, сабақтағы іс-әрекетті зерттеу негізінде тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыру жолдарын зерделеп, өздерінің тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік алды.
ЭБГ директоры А.Кайржанова алғы сөзде семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Директордың ӘІЖ орынбасарлары А.Хайруллина «LS мүмкіндіктері: теория және практика» тақырыбында сабақты зерттеудің модельдерін қарастырса, Ж.Тамашева «Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу неден басталады?» тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырды.
Одан әрі ағымдағы оқу жылының екінші тоқсанынан бері ЭБГ-да жүріп жатырған Lesson study тәжірибесі бойынша модераторлар Ж.А.Тамашева (5Ә сынып), А.Б.Хайруллина (6В сынып), Л.В.Зарипова (9Б сынып), Э.К.Кусанова (9В сынып) шағын топтарда жұмыс жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинарға қатысушылар берген кері байланысында алдағы уақытта сабаққа қатысып, зерттеу сабағын бірлесіп талдауға қатысуға мүмкіндік болса деген ой білдірді.




