
«Бауырсақ party» оздырылды.
11.01.2024
«Жаңа толқын» желілік қоғамдастық педагогтері үшін 16.01.2024 ж. Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында «Lesson study – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында оқыту семинары өтеді.
16.01.2024📌 Қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, келешек ұрпаққа қамшы өру өнерін үйрету, жасөспірімдердің ұлттық мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу мақсатында гимназиямыздың «Даму» жоспары бойынша ECO ART клуб жетекшілері Джуматов Б.С мен Габдуллин М.Г 7-9 сынып ұлдарына бос уақыттарын тиімді өткізу үшін “Қамшы өру және жасау әдісі” атты шеберлік сағатын өткізді.
Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше .Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды. Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген. Қамшы – қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандарының бірі болды. Қолына қамшы ұстаған қазақ сұсты, айбарлы, сәнді көрінеді. Сондықтан қазіргі таңда қамшы өруді, қамшыгерлікті жас ұрпаққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғасын таба береді.




