
«Прощание с Букварем*.
20.12.2023
«Оқытудың жаңа тәсілдері мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға қалай әсер етеді?» тақырыбында Ы.Алтынсарин мектебі базасында өткен семинарда
21.12.2023Тәуелсіздік дегеніміз — еркіндік, молшылық пен рухани байлық. Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿
Қазақ жерін мекендеген әрбір отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында табыс тілейміз! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл отыз екі жыл толып отыр.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен еліміз гүлденіп, көркейе берсін!
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Эстетикалық бағыттағы гимназиясының 1 “Г” сыныбында “Тәуелсіздік тұғырым” тақырыбында сынып сағаты оздырылды. Сынып сағатында еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері таныстырылды. Мемлекеттік рәміздер туралы да айтылып өтті. Сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Оқушылар “Алға, Қазақстан!” әніне әсем билеп, “Біз бақытты баламыз” әнін орындады.
Төл мерекеміз — Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды 1 “Г” сынып оқушылары мен ата-аналары, сынып жетекшісі А.Есіркепова құттықтайды👏🏻




