2024-2025 оқу жылына арналған мектеп формасы

Мектеп формасының сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына негізделген. 
Мектеп формасы классикалық стильде, бірыңғай қою көк түс гаммасында жасалады. 
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қыс мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ блузкадан құралады.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма қою көк түсті спорттық костюмнен (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук рұқсат етіледі. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элеменеттерін қосуға болмайды. Мектеп формасына гимназияның ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
Ауыстыратын аяқ киімнің болуы міндетті. Спортзалдағы сабаққа спортқа арналған форма мен аяқ киім кию керек.
Гимназияға: 
- Селдір көйлектер, жейделер және белдемшелер, соның ішінде селдір қосымшасы бар киімдерді;
- Декольте көйлектер мен жейделерді;
- Биік платформалы аяқ киімдерлді;
- Биік тақалы туфли (тақаның биіктігі 7 см- ден аспауы керек) киюге;
- Күнделікті уақытта спорттық аяқ киім киюге;
- Ашық тондағы түрлі косметика мен маникюр қолдануға болмайды.
- Шашты бояуға, ұзын шашты жайып жүруге (ұзындығы орташа шашты шашқа арналған түйреуішпен жинап қою керек), дененің ашық жерлеріне мехенди, татуаж, пирсинг жасауға болмайды.

@oral_bilim @bqobilimnews