
9-10 желтоқсан күндері Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының тәуелсіздіге арналған Балалар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы республикалық чемпионат
09.12.2023
“Ұлтын сүйген ұланбыз” республикалық байқауында көркемсөз оқу бойынша
09.12.20239-желтоқсан күні гимназиямызда 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдер арасында мектепшілік спартакиада өтті. Спартакиадаға барлық бірлестік ұстаздары 4 спорт түрі бойынша қатысуға мүмкіндік алды. Тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және асық ату бойынша өткен спартакиада тартысты өтті. Спартакиаданың мақсаты: мұғалімдер арасында аталған спорт түрлерін насихаттау, демалыс күнін пайдалы өткізу.
Жарыстың ашылу салтанатында директордың оқу ісіндегі орынбасары Алпамысова Э.А мен спартакиаданың бас төрешісі Панфилов П.Н сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде шахмат ойыны бойынша 1 орын ағылшын бірлестігінен Утениязова М.С, асық ату бойынша орыс тілі бірлестігінен Жазанова М.С, тоғызқұмалақтан математика,физика, информатика бірлестігінен Сайынов Ә.Т, үстел теннисінен тарих бірлесітігінің мұғалімі Кунашев Д.С өз білігі мен шеберлігін көрсетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. Одан бөлек жүлделі 2,3 орын алған ұстаздарды төрешілер марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын ұсынды.
#біртұтас_тәрбие




