
«Ақжайық» домбырашылар ансамблі
20.11.2023
🔰 «STEAM» бағытының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 18-қарашасында «Ұлы дала перзентімін» жобасы аясында эстетикалық бағыттағы гимназия педагогтары арасында QUIZ тайм оздырылды.
21.11.2023🔰21 қараша күні қалалық мектеп директорларына арналған «Lesson study- білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында Эстетикалық бағыттағы гимназияның базасында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: Сабақтағы іс-әрекетті зерттеу негізінде тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыру тәжірибесін зерделеу.
Семинар барысында қатысушылар фокус топтармен бірге сыныптарда таңдап алынған зерттеу тақырыптарымен танысып, осы тақырып төңірегінде талдаулар жүргізді.
Фокус топтың модераторлары Тамашева Ж.А, Хайруллина А.Б., Алпамысова Э.А, Кусанова Э.К., Казанцева О.М, Л.В. Зарипова
зерттеу барысымен, бақылауға алынған оқушылармен таныстырып өтті. 5 ә сыныбындағы Б.М. Кабдылкадированың қазақ тілі сабағында , 6 в сыныбындағы М.Т. Рсаеваның қазақ тілі сабағында, 8 ә сыныбындағы қазақ тілі сабағында, 8 д сыныбындағы А.Е. Кунуспаеваның орыс тілі сабағында, 9 б сыныбындағы К.К. Жусупкалиеваның физика сабағында, 9 в сыныбындағы А.Р. Орынгалиеваның химия сабағында жүргізілген зерттеу сабақтарына қатысып, фокус топ мүшелерімен бірге сыныпқа зерттеу жүргізді.
Семинар қатысушылары атынан «Теория мен практика ұштасып, әдістемесін меңгерткен, мазмұны терең, тағылымды шара болды» деген кері байланыс ұсынылды.
Семинарды ұйымдастырушыларға негіз болған ҚБББ басшысы Ақжарқын Мүтиғоллақызына, қалалық директорлар корпусының бас менеджері Мария Орынғалиқызына, эстетикалық бағыттағы гимназия ұжымына алғыстарын білдірді. Табысты іс-шараны гимназияның жас ұстаздары А.С. Қаби және Ә.Ш. Исатай ұйымдастырған трендтегі «QUIZ» зияткерлік ойынымен аяқталды.
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@kopd_mon_rk@uralskakimat@bakytzhan_narymbetov@mirzhansatkanov@nmirbolat@aigulmynbayeva@a.t.m.70@bqobilimnews@bbdo2020@oral_bilim@oral_ishki_sayasat_bolimi@madeniet_oral@up_uralsk@policebqo@madina_kuspanova@batysqaz_tjd




