
«ART-SPORT» бағыты бойынша
24.10.2023
«Қыран елім-Қазақстаным» мерекелік концертімен қорытындыланды
24.10.2023Бүгін Эстетикалық бағыттағы гимназияда «Мағжанның мәңгі мұралары» атты апталық аясында «Жас толқын» театр клубының ұйымдастыруымен театрландырылған кеш деп оздырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастарды елжандылыққа, тілімізді құрметтеуге, Отанын сүюге, әдебиетке құштар болуға тәрбиелеу.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған кеш 3 бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде оқушылар «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Батыр Баян» поэмаларын сахналандырды.Ал «Мағжан тілі – халықтың үні» бөлімінде ақынның жырлары оқылды. «Мен жастарға сенемін» атты үшінші бөлімде оқушылар ақынның өлеңіне жазылған әнге флешмоб көрсетті.
Мұнда келген көрермендер ақын мұраларын тыңдау арқылы рухани ләззат алып, білім көкжиектерін кеңейіп, рухтанып қайтты деген ойдамыз.
Кешті ұйымдастырған «Жас толқын» театр клубының жетекшісі Толегенова Замира Маратқызы және 8»в»,7»г»,3»а»,5»в» сынып оқушылары
@oqu_agartu_ministrligi@rumcdo_official@kopd_mon_rk@uralskakimat@bakytzhan_narymbetov@mirzhansatkanov@nmirbolat@aigulmynbayeva@a.t.m.70@bqobilimnews@bbdo2020@oral_bilim@oral_ishki_sayasat_bolimi@madeniet_oral@up_uralsk@policebqo@madina_kuspanova@batysqaz_tjd




