
«Адал еңбек болашағыңның нұры» тақырыбында сынып сағаты
28.06.2023
“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты лингвистикалық турнир ұйымдастырды
28.06.2023АҚ ЖЕЛКЕН— 2023
************
🔰Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай 2023 жылдың 19, 20, 21 қыркүйек күндері қала мектептерінің оқушылары арасында математика пәні бойынша А.Тайманов атындағы
«Ақ желкен-2023» математикалық регата және олимпиадасы
өткізілді.
Бұл сайыстың мақсаты — оқушылар арасында дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Ереже бойынша 5-6; 7-8 сынып оқушылары үшін әр айналымда алгебра және математикалық анализі негіздерінен, геометриядан, логикалық, комбинаторика немесе сандар теориясы бағытындағы есептерден 3 тапсырма берілсе, ал 9-11 сынып оқушылары үшін олимпиадаға математиканың әртүрлі бағыттарынан 4 есеп берілді.
Байқауға қала мектептерінен 5-6 сынып арасында 52 топ, 7-8 сынып арасында 52 топ, 9-сыныптар бойынша 48 оқушы, 10-сыныптар арасында 49 оқушы, 11-сынып бойынша 48 оқушы қатысып, жүлдегерлер ҚБББ грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
@uralskakimat@kopd_mp_rk@oqu_agartu_ministrligi@batys_kz@mirzhansatkanov@nmirbolat@aigulmynbayeva@a.t.m.70







