
ҚАРАҒАНДЫҒА 3 ЖОЛДАМА
28.06.2023
«Буратино немесе алтын кілт» қойылымы
28.06.2023Эстетикалық бағыттағы гимназия ұжымының ұйымдастыруымен 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Батырларға мың тағзым» атты көрме көрсетілді. Іс-шара басында білім ордасының директоры А.З.Кайржанова құттықтау сөз сөйлеп, сұрапыл соғыстағы жеңістің оңайлықпен келмегенін сол бір ел басына қара бұлт төнген шақта барша халықтың арманы Жеңіс болғанын айта келіп, майдангерлердің жорықты жолдары мен тыл еңбеккерлерінің еселі еңбектерін ешқашан ұмытпау керектігін тілге тиек етті. Гимназия оқушылары өздері суреттерін салған соғыс ардагерлерінің жорықты жолдарын архив құжаттары негізінде айтып өтсе, өнерлі оқушылар майдан тақырыбына жазылған әндерін орындады. Жергілікті өлкетанушылар Айболат Құрымбаев пен Ахмедияр Батырханов аталмыш тақырып аясында ізденіс жұмыстары жөнінде тың деректермен бөлісіп, аталар ерлігін жеткіншек ұрпаққа насихаттау азаматтық борыштары екенін айтты. Тәуелсіз еліміздің төл перзенттерінің қолынан шыққан соғыс ардагерлерінің портреттеріне таңырқай қараған Ахмедияр Қуанұлы мұндай шараның өңірімізде тұңғыш рет өткізілгенін жасырмады.
@oqu_agartu_ministrligi@aigulmynbayeva@a.t.m.70@karinovasholpan
@batys_kz
@uralskakimat
@qogamdyq_damu_baskarmasi
@rsk.zko
@zhaikpress
@aqjaiyq_aqparat
@aqjaiyq@rspc_daryn@baldauren_kz_@oral_bilim@bqobilimnews@oqu_agartu_ministrligi@darynzko






