
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат!
06.11.2026
📚 5 «Е» сыныбында «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын түсіндіру, су ресурстарын қорғауға және оны тиімді пайдалануға үйрету.
🌱 Сабақ барысында оқушылар судың тіршілік көзі екенін түсініп, шығармашылық жұмыстар арқылы суды үнемдеудің тиімді жолдарын ашып көрсетті. Өз идеяларымен бөлісіп, суды босқа ағызбау, кранды уақытында жабу, табиғи ресурстарды қорғау сияқты маңызды әдеттерді талқылады.
💙 Суды үнемдеу – болашақты сақтау! Әрбір тамшының қадірін білейік!
👩🏫 Сынып жетекшісі: Есентемір Н.С.




