
«ШАБЫТ STATION»ӘДЕБИ КАФЕ
04.11.2026
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат!
06.11.2026«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 4 «Г» сыныбының оқушылары 2026 жылғы 6 қараша күні сағат 11:00-де өткен «Бірге оқиық» әдеби акциясына қатысты.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл акцияда оқушылар ұлы ұстаздың «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларын оқыды.
Шығармалардағы терең тәрбие, өнегелі ой мен адамгершілік құндылықтар оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Осындай әдеби шаралар арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық руханиятымызды дәріптейміз.




