
🎶 2026 жылғы 3 қараша күні Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен халықаралық «ISTANBUL AUTUMN FESTIVAL» байқауында вокал жанры бойынша өнер көрсеткен Эстетикалық бағыттағы гимназияның шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
03.11.2026
📚«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында және «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 3 қарашада Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде клуб жетекшісі Утишкалиева Салтанат Кәкімқызының және клуб мүшелері – эстетикалық бағыттағы гимназияның оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
03.11.2026📅 2026 жылғы 3 қарашада «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары аясында 8–11-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
🤝 Кездесудің құрметті қонағы – Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы Александр Александрович Плешаков.
💬 Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы маңызды ақпарат берілді. Сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мен заңға құрметпен қараудың маңыздылығы сөз болды.
🌱 Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
👏 Кездесуді ұйымдастырған «Адал ұрпақ» клубының мүшелері: Хихлухина Е.В., Қайыржанова Г.Р.,
Утишкалиева С.К
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті!




