
ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ – РЕСПУБЛИКА!
23.10.2026
«Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде гимназиямыздың оқушысы жүлделі орынға ие болды!
24.10.202623 қазан 9а сыныбының қатысуымен Гимназия кітапханасында Ұлы ағартушы, көрнекті педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай жаққан шырақ — ұрпақ жолын жарық етті» атты әдеби-танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының ұлы ағартушысының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың бойына білімге құштарлықты, адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Кеш барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы мағлұмат алып, «Бұл кім?» танымдық ойынына қатысып, бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар, «Білім шырағы — бүгінгі ұрпақ» атты фото-галереямен танысып, ұлы ұстаздың мұрасын тереңірек таныды.
📱 Шараның қорытынды бөлімінде оқушылар арасында Kahoot платформасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Ойын барысында белсенділік танытып, І орын иеленген оқушыға тәтті сыйлық табысталды.🎁
🌟 Ыбырай Алтынсарин жаққан білім шырағы — бүгінгі ұрпақтың жолын жарық етер мәңгілік мұра.




