
🏆🇰🇿 ТАРИХИ ЖЕҢІС! МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ — АУБАКИРОВ АБЫЛАЙ! 🇰🇿🏆
21.10.2026
💚 «Жақсылық жасаудан жалықпа!»
22.10.2026📖 21 қазан Гимназия кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 3-сынып оқушыларына арналған танымдық шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілерді тану қабілеттерін дамыту және достарымен бірлесіп кітап оқуға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар «Кітап туралы не білеміз?», «Жасырын кітап», «Кітапты тап!» және «Иә немесе жоқ» атты қызықты ойындарға қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлерін танып, жұмбақтарды шешіп, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті.
✨ Шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, достықты, ынтымақтастықты және кітап оқудың маңызын насихаттауға бағытталды.
#ДосымменКітапОқимын#КітапОқитынҰлт#БалаларКітапханасы#Кітапхана#ОқуғаҚұштарМектеп




