
📚 «Досыммен кітап оқимын»
21.10.2026
«Сағыныш болып қалған Сайынның сырлы әлемі»атты танымдық сағаты өткізілді.
23.10.2026Эстетикалық бағыттағы гимназияның QANAT волонтерлік клубы ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
🌿 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету мақсатында волонтер оқушылар зейнеткер апайдың үйіне барып, ауласын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.
🤝 Бұл игі іс – үлкенге құрмет, кішіге үлгі, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың жарқын көрінісі. Осындай шаралар оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен азаматтық белсенділік қасиеттерін қалыптастырады.
✨ Жақсылық жасау – жүректен! Қамқорлық көрсету – адамгершіліктің белгісі!




