
🌟 БАЛАНЫ ҚОЛДАУ — БОЛАШАҚТАҒЫ ЖЕТІСТІККЕ БАСТАР ҚАДАМ! 🌟
17.10.2026
❤️ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
18.10.2026Өнер додасының ерекшелігі — оқушылардың ата-аналарымен бірге өнер көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін ортаға салуы. Байқау барысында қатысушылар халық биі мен заманауи би бағыттары бойынша өз шеберліктерін, сахналық мәдениетін және топтық үйлесімділігін көрсетті.
✨Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, би өнеріне деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
🏆 Байқау нәтижелері:
🥉 III орын — 5 «А», 5 «Ғ» сыныптары
🥈 II орын — 5 «Д», 5 «Ә» сыныптары
🥇 I орын — 5 «Е» сыныбы
🏆 Бас жүлде — 5 «Г» сыныбы!
🔺Бас жүлде иегері қалалық байқауда гимназия намысын қорғауға жолдама алды!
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Байқауға атсалысқан ата-аналарға, оқушыларға және жетекшілерге алғыс білдіреміз. Өнерлеріңіз өркендеп, жеңістеріңіз көбейе берсін! Әр би — шабыттың, еңбектің және бірліктің көрінісі болсын.




