
🏫 АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ – ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛАҢЫ! 👨👩👧👦
15.10.2026
📚 2026 жылғы 9 қараша күні гимназиямызда 5–6-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» мектепішілік олимпиадасы өткізілді.
15.10.2026Бала өзін қауіпсіз сезінген ортада ғана еркін дамып, өз ойын ашық жеткізе алады. Сондықтан оның көңіл күйіне назар аудару, тыңдау және дер кезінде қолдау көрсету – әрбір ересектің маңызды міндеті.
2026 жылғы 14 қазанда Эстетикалық бағыттағы гимназияда *«Мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»* тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Сонымен қатар 1–4 сынып оқушыларының ата-аналары үшін арнайы кездесу ұйымдастырылды. Жиында бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігі, психологиялық қолдауы, жас ерекшеліктеріне сай тәрбиесі және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Педагог-психологтар дайындаған өмірлік жағдаяттарға негізделген кейстер қарастырылып, қатысушылар оқушы, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі, психолог және құзыретті орган өкілдерінің рөлдерін сомдады. Талқылау барысында түрлі мәселелердің шешу жолдары ұсынылды.
Кездесу ата-аналардың белсенді қатысуымен өтіп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыстың маңызын көрсетті.
Әр баланың өмірі қымбат. Баланы тыңдау, түсіну, көңіл күйіне назар аудару және дер кезінде қолдау көрсету – оның психологиялық саулығын сақтаудың маңызды негізі.
🤝 Бала қауіпсіздігі – бір реттік шара емес, күнделікті қамқорлық пен ортақ әрекетті қажет ететін маңызды міндет.
❤️ Балаға берілген әрбір жылы сөз, әрбір қолдау мен назар – оның жарқын болашағына жасалған маңызды қадам!
#ЭстетикалықБағыттағыГимназия#БалаҚауіпсіздігі#АтаАналарЖиналысы#ПсихологиялықҚолдау#БалаТәрбиесі МектепЖәнеОтбасы




