
ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР!
15.10.2026
2026 жылғы 14 қазанда Эстетикалық бағыттағы гимназияда *«Мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»* тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
15.10.2026🏫 АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ – ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛАҢЫ! 👨👩👧👦
✨ Эстетикалық бағыттағы гимназиямызда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» кабинеті жұмыс істейді.
🎯 Орталықтың басты мақсаты – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін нығайту және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
📚 Орталық аясында ата-аналарға арналған кездесулер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен жеке кеңестер ұйымдастырылады.
🌿 Негізгі бағыттары:
✅ Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру;
✅ Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
✅ Балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәрбие беру;
✅ Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту;
✅ Балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
✅ Мектеп пен отбасының өзара байланысын дамыту.
🤝 Орталық – ата-аналар мен педагогтердің тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылайтын, тиімді шешімдер қабылдайтын ортақ алаңы.
❤️ Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
🌟 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ – саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ!
#ЭстетикалықБағыттағыГимназия#АтаАналардыПедагогикалықҚолдау#ОтбасыЖәнеМектеп#БалаТәрбиесі#ҰлттықҚұндылықтар СаналыҰрпақ




